76 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

Болашақ

Алматы. 29 маусым. 7kun.kz — Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды.

«Қазақстанның бұдан әрі дамуы мүлде өзгеше ойлау жүйесін қалыптастыруды, тез бейімделу мен өзгере білу қабілетін талап ететін цифрлы дәуірдің жаңа жаһандық трендтері ықпалында жүргізіледі. Ол үшін ең алдымен білім саласын жаңа инновациялық индустрияландыру талаптарына бейімдеуіміз қажет», — деді мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова комиссия отырысында.

Жиында білім және ғылым министрлігінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының іске асырылуы туралы ақпараты тыңдалып, 76 үміткерге стипендия тағайындалды.