Ішкі нарықта бірінші жартыжылдықта алкоголь ішімдіктерінің сатылымы өсті

400
ішімдік
Фото: today.kz

Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz — Коньяк бағасы бір жыл ішінде 56,1 пайызға, шарап 17,9 пайызға, сыра 13,1 пайызға өсті. Ал минералды су және басқа да алкогольсіз ішімдіктердің бағасы 6,6 пайызға ғана өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды.

Спирттік ішімдіктердің ішінде коньяк өндірісі бір жыл ішінде 67,5 пайызға дейін, яғни 5,48 миллион литрға дейін өскен. Ликер өндірісі де бір жылда 46,6 пайызға — 1,54 миллион литрға жеткен. Ал арақ өнімдері, керісінше, 8,1 пайызға азайған. Орта деңгейдегі алкоголь өнімдерінде де өсім байқалады. Шарап өндірісі бір жылда 14,1 пайызға — 18,11 миллион литрға, сыра 12,3 пайызға — 335,55 миллион долларға жеткен.

Қазақстанда алкоголь өнімдерінің қымбаттады. Арақтың бағасы Қазақстан бойынша ең қымбаты — Астанада литр үшін 3050 теңгеге жеткен.