Бауыржан Бишенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

360

Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz — «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы бұйрығымен Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына, бұл қызметте Талғат Адуовты ауыстырып, Бауыржан Бишенов тағайындалды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады.

Адуов Талғат Мүбаракұлы, 2016-2017 жылдар аралығында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған, қазір ҚР Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары қызметіне ауысты. Мемлекеттік қызметте көп жылдық еңбек өтілі бар. 2002 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігінің Инвестиция комитетінің  инвестициялық жобаларды бақылау бөлімінің үшінші хатшысы. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы, кеңесшісі, бірінші хатшысы.
2007-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы Бастығының орынбасары, сарапшысы, аға кеңесшісі, кеңесші қызметтерін атқарған.
2015 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы лауазымын атқарды. 2016 жылдың тамыз айынан бастап – 2017 жылдың қыркүйек айына дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. «Ерен еңбегі үшін» (2012 ж) медалімен марапатталған.

Бауыржан Қайыргелдіұлы Бишенов 1983 жылы дүниеге келген, «Әділет» құқықтық жоғары мектебін «Заңтану» мамандығы бойынша Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақмола көлік прокуратурасының қызметкері ретінде бастаған.
2006 жылы Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасында жұмыс атқарған.
2008-2012 жылдар аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ құқықтық–нормативтік жұмыстар және талап-қуыным жұмысы бөлімі бастығының орынбасары, Заң қызметі басқармасы талап-қуыным жұмысы бөлімінің бастығы, Заң қызметінің бастығы.
2011 жылдың қараша айынан бастап 2015 жылдың желтоқсан айына дейін- «КазАгроФинанс» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры — Басқарма мүшесі, Басқарушы директор — Басқарма мүшесі, Атқарушы директор қызметтерін атқарған.
2015 жылдың желтоқсанынан бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі.