Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Beeline Google Translate жүйесіне жаңа қызмет енгізуге көмектеседі

Beeline Google Translate жүйесіне жаңа қызмет енгізуге көмектеседі

Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz - Beeline Қазақстан тағы да «Google+Kazakh» жобасының серіктесі болды. Ол 2012 жылы Google Translate-ке қазақ тілін қосу мақсатында басталды. Бұл жолы Voice-to-Text технологиясы, яғни дауыстап аудару мүмкіндігіне қазақ тілін қосу арқылы қызметті жетілдіру туралы сөз қозғалды. Жобаны жүзеге асыру бойынша негізгі жұмысты «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Компания баспасөз қызметі.

Вeeline Қазақстан 2012 жылы «Google+Kazakh» жобасының серіктесі болғанын және мобильді интернет пен «Үйдегі Интернет» қызметінің барлық қолданушысына Google Translate пен қызметтің арнайы парақшасына тегін қосылу мүмкіндігін ұсынған еді. Beeline еліміздің ЖОО-да жобаның таныстыру рәсімін өткізді, таныстыру барысында студенттер нұсқаулықтарға қол жеткізіп, акцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Өз уақыты мен тіл білімін арнаған жүздеген еріктілердің арқасында мәтіндердің қажетті базасы жиналды. Содан соң Beeline жоба жұмыстарына сарапшы-филологтарды тартуға грант бөлді. Қор қызметкерлері мен қоғамның көптеген еңбегінің және маңызды жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылы қазақ тілі Google әлемдік аударма қызметіне қосылды.

Қазір Google компаниясы мен «Ұлттық аударма бюросы» қорының арасында Google Translate командасының Voice-to-Text жүйесіне қазақ тілін қосуда жан-жақты қолдау көрсететіні туралы келісім жасалды. Бірқатар іс-шаралар кешені анықталып, жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталып та кетті.

Похожие материалы