Бақытты ғұмыр кешудің жеті құпиясы

284
Бақытты

Бақытты ғұмыр кешу үшін нені білу керек? 7kun.kz сайты 105 жыл өмір сүрген жапониялық данышпан Шигеаки Хинохараның бақытты өмір туралы жеті кеңесін ұсынады. 

  1. Көп қуану керек

Қуанышты сезім  адамға ұйқы мен тамаққа қарағанда көбірек бақыт әкеледі.  Хинохораның айтуынша, адам күш қуатты тамақтан да ұйқыдан да алмайды, күш қуат адам бойына қуаныш арқылы беріледі. Естеріңізде ме балалық шағымызда біз қуанған кезде тамақ жеуді ұмытып кететінбіз, ұйқы да бізге керек емес болатын. Үлкендерде де дәл солай. Өз денеңді мөлшерден тыс тамақ жеп немесе ұзақ уақыт ұйықтап қалжыратудың қажеті жоқ.

  1. Дұрыс тамақтана біл

Бұл адамның ұзақ өмір сүруінің сыры – тамақты орынды ішу. Таңғы асқа бір шыныаяқ кофе, сүт немесе апельсин шырыны және де зәйтүн майы – міне осы барлық таңғы асың. Түскі асқа азырақ тамақ жеуге болады немесе мүлдем түскі асты өткізіп жіберсең де ештеңе жоғалтпайсың. Егер сен өте маңызды жұмыс істеп отырсаң түскі ас саған керек емес.

Кешкі асқа жеміс-жидек, балық және күріш. Ет жеуден біраз уақытқа бас тарту керек, аптасына 100 грамм толыққанды жетуі тиіс.

  1. Алдын ала жоспарлай біл.

Өзіңе жеке қойын дәптер алып, ішіне болашаққа жоспар құрып жазып жүріңіз. Материалдық жағыңды ойлауды үйрен. Әсіресе, болашағыңды ойлау кезінде, өткенге орала беріп қиындықтарды еске алғаннан пайда жоқ.

  1. Білгеніңмен бөліс

Шигеаки  Хинохора  жылына 150 лекция өткізіп отырған. Әрқайсысын жарты сағаттан өткізген және осы уақыт бойы ол тұрып тұрған.

  1. Өз-өзіңді аяма

Физикалық жаттығуларды спортзалда ғана орындау міндетті емес. Жаяу жүру, велосипед, лифттің орнына баспалдақпен көтерілу – бұл түк істемеуден азда болса жақсы.  Диван ең қауіпті жау, демалғанда да қимылдау керек.  Өзінің 105 жасында Хинохара бірден екі баспалдақты аттап өзінің бұлшық еттерін әрдайым қимылдатып жүрген.

  1. Сырқат – ол үкім емес

Ауыруханаларда қуанарлық нәрселер көп болуы керек.  Ән, би, үй жануарлары. Қуаныш силау көптеген дәрілерлерге қарағанда көмегі зор болады.  Бір жерің ауырып тұрса бірден көңіліңді басқа жаққа аударуға тырыс, сонда ғана сен ауыру жайлы ұмытып кетесің.

  1. Құндылықтарыңды қайта бағала

Адам материалдық байлықты қуу жолында басты заттарды ұмыта бастайды. Мысалы, махаббат, қамқорлық, кішіпейілділік секілді дүниелер. Осы жағдайға қатысты данышпанның “Естеріңізде болсын: Ешкім өзінің уақыты қашан келетін ешкім білмейді. Өзіңмен бірге мына өмірден ешнәрсе алып кете алмайсың»,-деген сөзі дәл айтылған.