Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арасындағы келісімге қол қойылды

ҚР Үкіметі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы арасындағы келісімге қол қойылды

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов және Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының тұрақты өкілі Н. Шимамура мырза Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы «Астана қаласында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау» жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге Қосымша келісімге қол қойды, деп хабарладф ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 963 қаулысымен бекітілген, қолданыстағы Келісімге сәйкес, «Астана қаласында Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау» жобасының әрекет ету мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Қосымша келісім арқылы бұл жобаның іске асырылуын 2018-2020 жылдарға ұзарту қарастырылып отыр.

Қосымша келісімге қол қою мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті күшейту, сондай-ақ, биліктің жергілікті және орталық органдары арасындағы мемлекеттік қызмет саласындағы жоспарлау және саясатты жүзеге асыру бойынша тиімді өзара іс-қимыл жүйесін одан әрі қалыптастыру шараларын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Похожие материалы