Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – Кадзуо Хираи Sony компаниясының президент қызметінен кететіні туралы мәлімдеді.
Кадзуо Хираи CBS Sony Records-қа 1984 жылы жұмысқа орналасты. Кейін ол Жапонияда шетелдік музыка маркетингімен айналысып, Sony халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі болды. Кадзуоның әкесі ұлын үнемі ағылшын тілінде оқытқызған. Ағылшын тілінде сөйлейтін балалардың арасында оқып, тіл үйренумен қатар, батыстық мәдениетпен де танысқан.
Кадзуо Sony компаниясын акциялары азайып, дағдарыстың нағыз шыңына жеткен кезінде басқарды. 2012 жылдан бастап ол компанияны бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін көп күш жұмсады. Ал, енді, ол өзі көтерген компанияның президенті қызметінен кетпекші.
Ол өзінің кететіні туралы хабары 2018 жылдың 1 сәуірінде іске асатынын айтады. Яғни, сол күні президент орнын босатады. Оның орнына компанияның қаржы директоры қызметін атқарған Кеничиро Есида келеді. Хираи Есидамен бірнеше жыл қатарынан бірлесіп қызмет атқарған. Сонымен бірге, Кадзуо Хираи Sony компаниясынан мүлдем кетіп қалмайды. Компанияның басқарма төрағасы болатыны анық.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!