FIFA кубогы Алматыға әкелінді

124
Алматыға
Фото: wallpapermania.eu

Алматы. 5 ақпан. 7kun.kz – Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының бас трофейі чартерлік рейспен Алматыға жеткізілді.

Дәстүрге сай, футболдың ең айтулы додасы қарсаңында таза алтыннан құйылған 6 кг Әлем кубогы спортсүйер қауымды біріктіру мақсатында жаһанды шарлап шығады.

Кубокты алып жүрген ФИФА делегациясы Алматыға кешеуілдеп жетті. Жоспарға сай, 10:30-да қонуы тиіс ұшақ, Алматы әуежайындағы қолайсыз ауа райына байланысты, Бішкектің қосалқы аэродромына уақытша қонды. Әлем кубогы «мінген» ұшақ Алматыға 13:50-де келді. Трофей Қазақстанда бір күн болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!