Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар айындағы жаңа баспананың бағасы 2017 жылғы бағамен салыстырғанда біршама өзгерді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, қайталама нарықтағы абаттандырылған үйлердің бағасы 0,1 пайызға, абаттандырылмаған үйлер 0,2 пайызға төмендеді. Ал, абаттандырылған үйлерді жалға алудың бағасы 0,3 пайызға көтерілді.
Орташа есеппен республика бойынша 2018 жылдың қаңтар айында 1 шаршы метрлік жаңа тұрғын үйдің сатылымдағы бағасы 260 мың 203 теңгені құрады. Ал, абаттандырылмаған тұрғын үйге сай баға 114 мың 273 теңге. Жаңа тұрғын үйді жалға алу 1 шаршы метр үшін 1333 теңге болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!