Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекет басшысы блокчейн технологияларын қолдануды тапсырды

Мемлекет басшысы блокчейн технологияларын қолдануды тапсырды

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz  – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев блокчейн технологияларын қолдана отырып, қосылған құн салығын жинау ақпараттық жүйесінің маңыздылығын атап өтті.

«Астана-1» өте маңызды. Жарты сағат уақытты 5 минутқа дейін қысқарту - бұл ЭДЫҰ-дан (Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы) да мықты көрсеткіш. Блокчейн технологиясын нақты осы бағытта қолдану керек. Бақылау айқын болуы тиіс. Салықтың жиналуын 15-тен 25 пайызға жақсарту - бұл Қаржы министрлігі үшін өте маңызды», - деді Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың атап өтуінше, осы жылдың тамыз айында блокчейн технологияларын қолдана отырып, қосылған құн салығын жинау бағытында жаңа ақпараттық жүйенің прототипін таныстыру көзделіп отыр.

«Бүкіләлемдік банкпен бірлесіп, тауарға бақылау жасау бойынша ақпараттық жүйе жасалғалы жатыр», - деді министр.

Қаржы министрінің келтірген ақпаратына сүйенсек, 2017 жылы ЖІӨ-ге қатысты салық түсімінің азаю тренді тоқтатылып, көрсеткіш жақсара түскен.

Похожие материалы