Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және 2018 жылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындай отырып, «Нұрлы жер» бағдарламасын одан әрі іске асыру тетіктерін қайта қарастырады.
Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттарды жетілдіру жұмыстары басталды.
«Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арзан құрылыс және ипотекалық несие беру мәселелері бойынша жұмыс жүргізіледі. Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 2030 жылға қарай 30 шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Коммерциялық банктер биыл құрылыс салушыларға 125 млрд теңгеге субсидияланған несие мен 105 млрд теңге ипотекалық несиелер беретін болады», - деді министр.
Банк секторын жаңғырту несие берудің жыл сайынғы көлемін 350 млрд теңгеге дейін жеткізуге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің экономикалық белсенді салымшыларының үлесін 12 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді. 2018 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!