Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, Қазақстан мен басқа елдер арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 8,8 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың көрсеткішіне қарағанда 4 пайызға немесе 355,5 мың тоннаға артық. Қазақстандық тасымалдаушылардың да үлесі 6 пайызға өсіп, 52 пайызды құрады.
Қазіргі кезде Қазақстанда 3,5 мыңға жуық халықаралық тасымалдаушы жұмыс істейді. Оларда 17 мың автокөлік құралы бар.
2017 жылы халықаралық автокөлік қатынасын жолға қою бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Қараша айының 17 күні Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісім күшіне еніп, 2018 жылдың 8 қаңтарында Шымкент-Ташкент автобус бағдары іске қосылды.
3 сәуірде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы автокөлік қатынасы жөнінде келісімге қол қойылды.
6 шілдеде ҚР және Сербия үкіметтері арасында жүктерді екіжақты және транзитті рұқсат құжатын алмай тасымалдауды енгізуді қарастыратын халықаралық автомобиль қатынасы жөніндегі келісім күшіне енді.
18 желтоқсанда Қазақстан мен Норвегия арасында халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі келісім күшіне енді.
Дания, Португалия елдерімен осындай келісімдерді жасасу мәселесі бойынша жұмыстар атқарылады. Армения, Грузия және Түркіменстан елдері арасындағы келісімдерге өзгерістер енгізу келісілді.
2018 жылы Қазақстан 40 елмен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын бекітті.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024