Cobalt Strike вирусы арқылы ресейлік банктерден миллиардтаған рубль ұрланған

67
вирусы
Фото: Cobalt Strike blog

Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — 2017 жылы хакерлер Cobalt Strike вирусы арқылы ресейлік банктерден 1,156 млрд рубль ұрлаған. Бұл туралы Центробанк төрағасының орынбасары Дмитрий Скобелкин мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс.

Cobalt Strike – зиянды файлдарды тарату үшін пайдаланылатын Cobalt бағдарламалық жасақтамасы. Оның көмегімен хакерлер кемінде 21 рет шабуыл тоқынын жасап, оның 11-і сәтті болды. Хакерлердің шабуылына барлығы 240-қа жуық несие ұйымдары  ұшыраған.

Зардап шеккен 11 ұйымның 8-і қаржылық-кредиттік салада компьютерлік шабуылдарды бақылайтын және оларға жауап беретін, ЦБ-тың құрылымдық бөлімшесі ФинЦЕРТ-пен ақпарат алмасудың қатысушылары болды.

«ФинЦЕРТ жеке ескертулерді 400-ден астам ұйымға жіберді. Тіпті, Cobalt тобынан электронды хаттар келіп түскен ұйымдардың нақты пошта мекенжайларын да көрсетті», – дейді Скобелкин.

Ресей банкі ақпарат қауіпсіздігі департаментін құруды ойлап отыр. Жаңа құрылым несие және қаржы институттарының киберқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін құзыреттілік мәртебесін алады. Бұл шешім осыдан бірер күн бұрын қабылданды. Қазіргі уақытта банктің құрылымында қауіпсіздік және ақпарат қорғаудың басты бөлімшесі бар. Департамент, сондай-ақ қаржы нарығы мен компьютерлік шабуылдардың Ресей Федерациясының ақпараттық ресурстарына әсерін анықтау, алдын-алу және жоюдың мемлекеттік жүйесі арасындағы кибершабуыл туралы ақпарат алмасуды үйлестіреді. ЦБ 2017 жылдан бастап оқиғалардың осы құрылымын хабардар етуге міндетті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!