Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Жылжымайтын мүлікті тіркеу рәсімін жеңілдету үшін бірыңғай кадастр жүйесін құру жоспары түсіндірілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» екі кадастрды біріктіруді және жылжымайтын мүліктің бірыңғай кадастрының ортақ жүйесін құруды жоспарлап отыр. Біз бюджетке жүктемені азайтып жатырмыз, себебі бұл мақсаттар мемлекеттік корпорацияның жеке қаржысы есебінен іске асырылатын болады», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов Мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда ол аталған қадамдар үшін дайындық жұмыстары атқарылғанын жеткізді.
«2017 жылдың наурызынан қызметкерлерді оқыту шараларын жүргіздік. Сондықтан бұл түзетулер қабылданған жағдайда біз еш қиындықсыз жылжымайтын мүлікті тіркеуді іске асырамыз. Біз алдын ала бұл мәселелерді Әділет министрлігімен талқылап шықтық, сондай-ақ мемлекеттік баж құнын азаматтар үшін төмендетуді жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024