Forbes Қытайдағы ең бай адамдарды анықтады

бай
Фото: PaySpace Magazine

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Қытайда Forbes ең бай 400 адамның тізімін жариялады. Олардың бәрі миллиардерлер, деп мәлімдеді Forbes.ru.

Тізімдегі барлығының (олардың отбасы мүшелері) жалпы дәулеті қазан айының соңында  1,2 трлн доллар болған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 26 пайызға көп. Дәл осы тұста Shanghai Composite қор индексінің өсуі 13 пайызды құрады.

79 адам өндіріс саласынан байыған. 53 адам тізімге жаңадан қосылды.

1)Хуэй Ка Янь — 42,5 млрд доллар

China Evergrande Group риэлторлық және девелоперлік компаниясының басшысы. Оның компаниясы капиталдандыруға 469 пайыз қосып, Хуэй Ка Янь  33 млрд долларға байыды.

 2) Ма Хуатэн — 39 млрд доллар

Оны Қытайда Пони Ма деп те атайды. Ма Хуатэн  We Chat мессенджерін жасаған интернет-гиганты Tencent Holdings-ді басқарады. Tencent акцияларының қарқынды өсуі, Пони Маның дәулетіне 14,5 млрд доллар қосты.

3) Джек Ма — 38,6 млрд доллар

Alibaba онлайн сауда алаңын негізін қалаушы. Ол бір жылда 10 млрд долларға байыған.

4) Ван Цзяньлин — 25,2 млрд доллар

2017 жылы тізімде көшбасшы болған. Ол Dalian Wanda риэлтолық  тобының басшысы. Оның тізімдегі өзге бизнесмендерден айырмашылығы, 2018 жылы оның дәулеті азайды.  Dalian Wanda тобы қарыздарды өтеу үшін активтерді (парктер мен қонақ үйлерді) сатуға мәжбүр болған.

  1. Ван Вэй — 22,3 млрд доллар

Бұрын тоқымашы болып қызмет еткен ол, қазір S. F. Express басқарады. S. F. Express — FedEx- тің қытайлық баламасы.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!