«Самұрық-Қазына» сатып алу жүйесін дамытады

сатып
Фото: sputniknews.kz

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып алу жүйесін дамытып, жаңа электронды алаңын іске қосады.

Бұған дейін тек құрылым компаниялары арасында өзара тендерге ұсынылатын 4 мыңнан астам жұмыс, қызмет және тауар түрі жалпы бәсекелестік ортаға беріледі. Яғни, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 300 млрд теңгедей қаржыны игеруге мүмкіндік алады. Сала жұмысына енгізілетін өзгерістер үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтылды. Жаңашылдықтар арқылы «Самұрық-Қазынаның» шығындары 150 млн теңгеге қысқаруы тиіс. Оның үстіне электронды жүйе ашықтық қағидаттарын қамтамасыз етіп, тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге тиімді болады.

«Біз конкурсқа қатысу мәселесін оңтайландыруды қарастырдық. Бүгінге дейін 178 сұраққа жауап беру керек болатын. Осы сұрақтардың санын екі есе қысқартып жатырмыз. Екінші мәселе кез келген шағымдарын қағаз жүзінде беріп, қай жерде қаралып жатқанын білмей жатады. Шағымдану органдарын құрып жатырмыз. Сол жерге келіп шағымдарын білдіре алады», – дейді «Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!