Алматы облысының Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды

әкім
Фото: baq.kz

Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz — Алматы облысының Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел мәлім етті.

«ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихаттың қолдауымен Сатпаев Рыскелді Ахметқалиұлы Талғар ауданының әкімі қызметіне тағайындалды. Бірер сәттен кейін аудан активі өтіп, Амандық Баталов талғарлықтарға жаңа тағайындалған әкімді таныстырмақ», — деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.