Данияр Ақышев: «Invest Online» жақсы нәтиже көрсетті

жақсы
Фото: matritca.kz

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz — Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев  блокчейн базасында жақында таныстырылған Invest Online қосымшасы туралы айтты.  Оның пікірнше «Invest Online» жүйесі жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, криптовалюта негізінен олардың құнының өсуін алыпсатарлық күтулердің салдары және осыған байланысты тезірек кіріс алу мүмкіндігі бойынша тарап кетті және бағасы көп есе өсті. Бұл күтулер не экономикалық, не заң тұрғысынан қамтамасыз етілмеген. Криптовалюталарға баға белгілеуді болжау мүмкін емес. Криптовалюталарда халықты қоса алғанда, инвестордың ақшасын қайтаруға жауапты немесе кепілдік беретін эмитент жоқ.

«Инвесторларды қорғаудың құқықтық тетіктерінің болмауы салдарынан салынған қаражатты жоғалту тәуекелі жоғары. Оған қоса, криптовалюталармен жасалатын мәмілелердің айқын еместігі салдарынан оларды ақшаны жылыстату және заңсыз іс-қимылдарды қаржыландыру мақсатында пайдалану ықтималдығы жоғары. Бүкіл әлемде бұл операциялар шектеу немесе тыйым салу тетіктерімен жария етуге жатады», — деді Д. Ақышев.

Ол Ұлттық банк және Үкімет теңгемен криптовалюталарды сатып алуға, өткізуге және айырбастауға, теңгемен қаржы құралдарын шығаруға, сондай-ақ қаржы және төлем ұйымдары үшін криптовалюталармен байланысты операцияларды және мәмілелерді жүргізуге тыйым салуды енгізуге шектеулер белгілеу бойынша шараларды қарастырып жатқандығын атап өтті. Сол сияқты қаржы және төлем ұйымдары үшін криптовалюталармен байланысты операцияларды және мәмілелерді жүргізуге тыйым салуды енгізу жоспарланып отыр. Криптовалюталарды және олармен байланысты мәмілелерді БАҚ-та жарнамалауға тыйым салу дұрыс болмақ, мұны Google, Facebook, Telegram және басқа ауқымды технологиялық компаниялар қазірдің өзінде іске асыруда.

«Майнингке қатысты айтар болсақ, криптовалютаны эмиссиялау мен оларды таратуға шектеу қою көзделіп отыр. Майнер өз қызметі үшін сыйақы түрінде алатын криптовалюталар сол сияқты Қазақстан аумағында актив, қаржы құралы немесе құндылық ретінде танылмайтын болады», — деп атап өтті Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев.

«2018 жылғы 10 сәуірде жүйеде 564 пайдаланушы тіркелді, 22,2 млн. теңге сомаға 240 813 ноттар сатып алынды. Сондай-ақ жеке тұлғалардың сатып алған ноттарды Ұлттық Банкке кері сатуы орын алып отыр. Мәселен, 2018 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша халық 5 208 662 теңге сомаға 56 406 ноттарды сатты. Оң серпін байқалуда, көрсеткіштер күн сайын өсіп отыр», — деп атап өтті Д. Ақышев.