Ресейде Telegram-ның бұғатталуының негізгі себебі анықталды

негізгі
Фото: pravdaurfo.ru

Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz — Ресей билігінің мессенджерді бұғаттауына негізгі себеп оның басшысы Павел Дуровтың жеке криптовалюта шығару жоспарымен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды РБК.

Басылымның хабарлауынша, Ресейдегі Amazon, Google және басқа да провайдерлердің IP адрестерін блоктау арқылы бірнеше күн бойы жүрген мессенджердің сәтсіз бұғатталуы, соңғы күндері 12-ФҚҚ орталығының қызметкерлері мен басқа да тиісті ведомстволардың өкілдері арасында қызу талқыланды.

Атап айтқанда, 18 сәуірде 12-ФҚҚ орталығының қызметкері Роман Антипкин әріптестеріне Ресейде телеграмды бұғатаудың нақты себебі Павел Дуровтың мессенджер көмегімен «толық бақыланбайтын қаржылық жүйені» енгізуді қалайтынында екенін түсіндірді.

Хат мәтіні РБК-ның қарамағында, оның түпнұсқалығын федералды лауазымды тұлға мен байланыс операторларының бірінің бас менеджері растады. Бұл хаттың мазмұнымен, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың біріндегі РБК-ның әңгімелесушісі де таныс.

Павел Дуровтың Gram криптвалютсы бар Telegram Open Network (TON) деп аталатын өзінің блокчейн-платформасын шығару 2018 жылдың қаңтарында белгілі болды. Жоба 132 беттік құжатта толығырақ сипатталды, оған Telegram техникалық директоры Николай Дуров және Павел Дуровтың ағасы қол қойды.

Құрушылар өздерінің TON блокчейнінің негізінде Telegram мессенджерінде төлем жүйесін қосуға ниеттеніп, болашақта оны басқа қызметтерге және әлеуметтік желілерге енгізуді жоспарлап отыр.

Айта кетерлігі, Telegram Open Network жаңа платформасының токендерін орналастыруда екі жабық алдын-ала раунд қорытындысы бойынша, мессенджер 1,7 млрд доллар тартты.