2017 жылы микроқаржы ұйымдарының жиынтық капиталы 61,3 млрд теңгені құрады

капиталы

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz — 2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының нарығында жұмыс істейтін 149 микроқаржы ұйымының жиынтық капиталы 61,3 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 32,7%-ға артық. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

Айта кету керек, сектордағы жалпы капиталдың 62%-ы осы көрсеткіш бойынша алғашқы бестіктегі МҚҰ-на және көшбасшы KMF-ке (33,3 пайыз) тиесілі.

2017 жылы ҚР МФҰ-ның бөлінбеген таза пайдасы 9,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылға қарағанда 2,6 есе көп. Жыл аяғында 149 МҚҰ-ның 110-ны оң аймақта болды.

Өздерін тиімді жағынан көрсеткен микроқаржыландыру компанияларының ең үздік бестігіне МҚҰ-ның жалпы пайдасының төрттен бірі тиді. Бұдан басқа, тек KMF жартысынан көбін иеленді (56,5 пайыз) — 5,55 млрд теңге, бір жыл ішінде 2,6 есеге артты.

Алғашқы үштікке көшбасшыдан біраз қалыс қалған «Арнұр Кредит» — 600,7 млн теңге (өсім 94,5 пайыз) және «Тойота Файнаншл» — 582,6 млн теңге (жыл ішінде өсім 3, 3 рет) кіреді.

KMF тек микроқаржыландыру нарығында МҚҰ табыстылығы бойынша жұмыс істейтін компаниялардың арасында көшбасшы ғана емес, сонымен қатар, оны ҚР ЕДБ салыстыруға келеді.

Осылайша, KMF 2017 жылы жылдық табыс бойынша оң нәтиже көрсеткен 29 банктің 16-нан асып түсті.

Компания жылдық табысы 8 млрд теңгені құрайтын Альфа-Банк пен табысы 4,4 млрд теңге болған Қытай банкі мен Еуразиялық банк арасында орналасты.

Естеріңізге сала кетейік, банк секторында 2017 жылға дейін 18,6 млрд теңге шығынға ұшырады. Десе де, 32 ЕДБ-тің 29-ы пайда тапты.