Бес банк балаларға арналған депозиттер ашуды ұсынады

депозиттер
Фото: Today.kz

Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының барлық тұрғындарының ішінде тек 59%-ы ғана еңбекке жарамды азаматтар саналады. Қалған 29% зейнеткерлер, ал 11% балалар мен жасөспірімдер. Ел халқының еңбек үлесі жыл сайын азайып келеді. Мұндай деректерді ranking.kz жазды.

Қазақстан халқының саны 2018 жылдың бірінші тоқсанының аяғында 18,2 млн адамды құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артық.

Жылдың басында 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің саны 5,3 млнға жетті. Бұл қазақстандықтардың жалпы санының 29,4%-ы.

63 жастан асқан ерлер мен 58 жастан асқан зейнеткерлер саны — жыл басында 2,1 млн адам болды. Бұл Қазақстан халқының жалпы санының 11,3%-ын құрайды.

Ата-аналар балалар мен жасөспірімдердің қаржылық жағдайын алдын-ала жақсарта алады. Арнайы балаларға арналған депозиттерді ашу үшін, 1, 2, 3 және 5 жылға дейінгі мерзіммен 32 ЕДБ ішінен 5 банк ұсынады.

Сегменттегі орташа сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) барлық депозиттер бойынша орта есеппен айтарлықтай ерекшеленбейді — 11,6% қарсы 11,9%. Ең жоғары СЖТМ AsiaCredit-те (2 жылға дейін) және Астана банкінде (3 жыл) — 14%-ға дейін. Салымның минималды сомасы 5-тен (AsiaCredit , Астана банк және Сбербанк) 15 мың теңгеге (Bank RBK) дейін жүреді.

Сонымен бірге, зейнеткерлер арнайы депозиттерді ашу арқылы жинақ ақшаларын үнемдеп, ұлғайтуына екінші деңгейлі банктерден тек екеуі ғана ұсынады: Халық банкі мен Qazkom. Халық банкінің СЖТМ — 12,3%, Qazkom — 11,6%. Халық банкінің депозиттерінің ең аз сомасы 2 мың теңгеден, Qazkom  — 15 мың теңгеден.