Банк жаңалықтарыЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

«Цесна» қаржы холдингі басшыларының құрамында өзгеріс болды

Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – Бүгін «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен банктің басқарма төрағасы болып Ержан Төлеубек   тағайындалды.  Сондай-ақ, ол «Плюс банк» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Бұған дейін басқарма төрағасы болған Ержан Тәжияқов қызмет ауыстырды. Ол «Цесна» қаржы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және мүшесі, «Цесна-Гарант» СК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Жақсыбектің айтуынша Ержан Тәжияқов басшы кезінде нақты және тиімді жұмысын жүргізді, өзін сенімді шешімдер қабылдауға және жауапкершілікті алуға қабілетті көшбасшы екендігін көрсетті. Енді ол банктің еншілес компанияларының нарықтық позицияларын нығайту бағытында жұмыс істеймек.

«Цеснабанк» АҚ басқарма құрамына бұрын цифрлық банк жетекшісінің кеңесшісі қызметін атқарған Дмитрий Владимирович Барбаянов кірді.

Ал Еденбаев Еркеғали Серікұлы «Цеснабанк» АҚ еншілес ұйымы «Цесна-Гарант» сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрын «Цесна» қаржы холдингі» АҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Tags

Осы айдарда

Close