2018 жылдың төрт айында 24,1 млн тонна мұнай экспортталды

2018

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылдың 4 айындағы энергетика саласының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің алдын-ала қорытындылары туралы баяндай отырып, энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай және конденсат өндіру көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,9% немесе осы жылдың 4 айының жоспарының 104,5% құрайтынын атап өтті.

«2018 жылдың 4 айында 24,1 млн тонна мұнай экспортталды. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 104,3% құрайды. Мұнай өңдеу көлемі 5,1 млн тоннаны немесе осы жылдың 4 айының жоспарына қарағанда 104,6% құрады», — деді Қанат Бозымбаев.

Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысына сәйкес дизель отынының қажеттілігі толық көлемде орындалды. 2018 жылғы наурыз айына көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін дизель отынының ұсынылатын бағасы тоннасына 156 000 теңгені (130 тг/л) құрады.

2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, электр энергиясы 8%-ға артты. Көмір өндіру көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,2%-ды құрады.