Қазақстандықтар жалақы картасы арқылы ақшаны комиссиясыз қай банктерден ала алады?

жалақы
Фото: Yvision.kz

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — «АТФ Банк» АҚ-ның жалақы жобалары шеңберінде қазақстандықтар жалақы карточкалары арқылы ақшаны Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі банкоматтар арқылы комиссиясыз ала алады, деп хабарлады Ranking.kz.

Осындай шарттар ForteBank-те де қолданылады. Бірақ ол ай сайынғы шегіне байланысты орындалады: 300 мыңнан 5 млн теңгеге дейін (картаның түріне байланысты). Ал банкоматтан ақшаны шығару тегін. Өз банкоматтарында 0,3%-дан жоғары, Қазақстан бойынша өзге банкоматтардан 0,5%  және ҚР-нан тыс шет елдердегі банкоматтарда 1,5% комиссия алынады.

Сондай-ақ, Банк ЦентрКредиттен және Еуразиялық банктен 300 мың теңгеге дейінгі айлық шегіндегі жалақыны Қазақстан Республикасының аумағында кез келген банкоматтан ақысыз алуға болады.

Altyn Bank-те Қазақстанның кез келген банкоматында ақша алу тегін, шетелде — 1%. Сбербанкте тегін ақша аудару тек өз банкоматтар желісінде қол жетімді.