ЭКСПО қалашығындағы пәтерлердің бағасы белгілі болды

ЭКСПО
Фото: abctv.kz

Алматы. 1 маусым. 7kun.kz — Астанадағы ЭКСПО-2017 аумағындағы тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен тұрақ орындарын сату құны анықталды, деп хабарлайды LS.

«Бәйтерек девелопментте» көрсетілгендей тұрғын үй кешендері үшін шаршы метрдің құны 399,9 мың теңге, бір тұрақ орны 699 мың теңгені құрайды.

«Бұл объектілер тиімді орналасуы, кіші қабаты, пәтерлердің эргономикалық орналасуымен ерекшеленеді», — деп атап өтті «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев..

Ол 2018 жылдың 1 маусымынан бастап бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға ұсыныс жасайтынын айтты.

«Сатып алу шартына келер болсақ, әлеуетті сатып алушылар үшін жалғыз талап — жеке тұлғалар үшін Қазақстан азаматтығының төлем қабілеттілігі және қол жетімділігі немесе заңды тұлғалар үшін Қазақстан аумағында тіркелу және қызмет көрсету», — деді компания өкілі.