2018 жылы көтерме сауданың көлемі 7,4 трлн теңгеге жетті

80
2018
Фото: ALTAYNEWS

Алматы. 15 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 4 айы ішінде көтерме және бөлшек саудада негізгі капиталға және автокөлік жөндеу бойынша инвестициялар 54,9 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,5%-ға артық, деп хабарлайды Ranking.kz.

Саудалық индустрияның негізгі инвестиция аймағы, дәстүрлі түрде, қаржы орталығы мен астана саналады. Алайда, Алматыда сектордағы жалпы көлемнің 32,6%-ы ғана болды, ал 2017 жылы 52,7%-ды құраған (17,6 млрд теңге, яғни бірден минус 17,3%). Астанадағы үлес, керісінше, қаңтар-сәуір аралығында 10,9% -дан 12,7%-ға дейін өсті. Бұл 6,8 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 55,5%-ға артық.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында көтерме және бөлшек сауда саласына 203,5 млрд теңге инвестицияланды. Бұл алдыңғы жылдардан бергі рекордтық көрсеткіш.

Сондай-ақ, сауда-саттық белсенді түрде дамып келеді: 2018 жылдың қаңтар-мамырының қорытындысы бойынша көтерме сауданың көлемі 7,4 трлн теңгеге жетті.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға артық.

Бөлшек сауданың белсенділігі де бірден өсті: бірден + 13,1%, 5 айда 3,5 трлн теңге.