«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды

20
өтініш
Фото: ftp.newsarmenia.am

Алматы. 20 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда «7-20-25» ипотекалық несиелік бағдарламаға 1 мыңнан астам өтінім мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық банк.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 18,6 млрд. теңге сомасына 1586 өтініш қабылданды. Оның ішінде 11,9 млрд теңге сомасына қарыз беруге 1026 өтініш мақұлданды.

Еске салайық, 2018 жылдың наурызында Президент Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы ұсыныс айтты. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық осы бағдарламаның аясында тиімді шарттармен ипотекаға пәтер ала алады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша несиенің үстеме пайызы жылына 7% болады, алғашқы жарна соманың 20%-нан аспауға тиіс, ал несиенің берілетін мерзімі 25 жылға дейін болмақ.