Ақпан айында импорт 6,2%-ға, экспорт 16,3%-ға арзандады

549
Ақпан айында импорт 6,2%-ға, экспорт 16,3%-ға арзандады

Қазақстанда 2015 жылдың ақпан айында 2014 жылдың ақпан айымен салыстырғанда импорт өнімдердің бағасы 5,6%-ға, экспорт өнімдері 16,3%-ға төмендеді деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі.

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, импортталатын шшикізат 20,9%-ға, экспортталатын шикізат 22,8%-ға арзандаған. Импортталатын жартылай фабрикаттардың бағасы 6,5%-ға жоғарылап, экспортталатын жартылай фабрикаттардың бағасы 7,9%-ға төменедеген. Есептік кезеңде импортталатын дайын тауарлар 7,2%-ға, экспортталатындары 20,1%-ға арзандапты.

Бі ай ішінде экспорттық жеткізілім бағаларының төмендеуі мына өнімдерде байқалған: сұйытылған пропан — 20,6%, қорғасын – 7,8%, мұнай өнімдері – 6,4%, көмір – 6,1%, мыс және мұнай – 4%, мырыш – 3,6%, қара металдардың илемі — 2,8%, ферроқорытпалар – 1,6%; жоғарылағаны: хром кені — 3,8%, темір кені – 2,8%. Мақта бағасы 5,1%-ға төмендеп, бидай бағасы 11,1%-ға жоғарылады.

Импорттық жеткізілімдер арасында арзандағаны мыналар: құс еті — 12,9%, шай – 9,9%, өсімдік майы – 5,6%, сүт өнімдері — 4,8%, күріш — 4,2%, қант – 2,5%, маргарин – 1,1%. Дәрі-дәрмектер 3,4%-ға, кофе 1,4%-ға қымбаттаған.