АҚШ-та 11 жасар мектеп оқушысы қауіпсіз құпиясөздер сататын сервис ашты

534

АҚШ-та 11 жасар, алтыншы сынып оқитын Мира Моди өз бизнесін ашты. Ол Diceware әдісі арқылы қолмен генерациялап сенімді құпиясөздер сатады. Бір құпиясөздің құны 2 доллар. Бұл туралы Ars Technica  хабарлады.

Моди қауіпсіз құпиясөздерді Diceware әдісі бойынша түрлендіреді. Құпиясөздер арнайы санмен белгіленген сөздіктен сөздерді ойын кубигін қолдану арқылы құрастырылады. Құпиясөз ешқандай мағына бермесе де есте сақтағанға оңай. Мектеп оқушысы өзінің тапсырыс берушілеріне алты сөзден тұратын құпиясөз жібереді.

Моди жасап беретін бір құпиясөздің құны 2 доллар. » Достарым бөтен адамдарға құпиясөз жасағанның маған қызық екенін түсінеді деп ойламаймын. Бірақ, меніңше, бұл іс өте керемет»,- деді алты жасар Мира.

Мира Моди — Америкадағы танымал журналист әрі жазушы, «Желіде ұсталған ұлт» (Нация, пойманная в сеть) кітабінің авторы Джулии Ангвиннің қызы. Ол қызынан Diceware әдісі арқылы құпиясөздерді  генерациялау туралы зерттеу жұмысына көмектесуді сұраған екен. Оның сөзінше сол кезде Модиге шұғылданып жүрген ісін бизнеске айналдыру ойы келіпті. Ол анасымен бірге әр-түрлі конференцияларға барып өзінің құпиясөздерін сата бастаған. Алайда тапсырыс берушілердің саны ол ойлағандай көбейіп кетпепті.

«Меніңше құпиясөздерді сататын жеке сайтым болса қызық болатын сияқты. Бұл қоғамдық іс қой, маған көп табыс әкеледі деп ойламаймын»,- дейді ол.

Оның айтуынша көп адамдар одан құрастырылған құпиясөзді сақтап қалмайсың ба деп сұрайды екен. Моди бір ғана құпиясөздің бар екенін айтып, «Мен тіпті оны жазып та алмаймын»,-деді.