АҚШ-тағы мұнай қоры 6,8 миллион баррельге қысқарды

459
Нефтехранилища на НПЗ в Эз-Завие 18 декабря 2013 года. Цены на нефть снижаются, так как риск перебоев в поставках из Ирака сократился, а вероятность повышения экспорта из Ливии выросла. REUTERS/Ismail Zitouny

АҚШ Энергетика министрлігінің деректері бойынша, апта сайын жарияланатын мұнай қорының көрсеткіші 6,8 млн баррельге төмендеді.

АҚШ Энергетика министрлігінің жанындағы Энегетикалық ақпарат жөніндегі басқармасы (EIA) мұнай қорының 6,8 млн баррельге азайғаны туралы хабарлады. Азаю сарапшылар болжаған межеден асып түсті. Platts агенттігі сұрастырған аналитиктер АҚШ-тағы мұнай қоры 1,6 млн баррельге қыcқарады деп болжаған-тын.

Жарияланған осы мәліметтер мұнайдың биржалық бағасын бұрынғы деңгейінен төмен түсірмеді. Тамызда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері осы жаңалықтардың аясында 0,8%-ға қымбаттады: қазіргі уақытта барреліне $66 деңгейінде сатылып жатыр. Осы уақытта шілдеде жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері 1,1%-ға жоғарылап, барреліне $60,80 деңгейінде тұрақтады.