АҚШ-та жаяу жүргіншілер көпірі құлады

жаяу
Фото: USA Today

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz – АҚШ-тағы Флорида штатында жаяу жүргіншілер көпірі опырылып құлаған. Оқыс оқиға салдарынан бірнеше адамның мерт болғаны және жарақат алғандары белгілі болып отыр, деп хабарлайды CNN.

Құрылыс жұмысын 2019 жылдың басында бітіру жоспарланған.

Бұл жаңа көпір Майамидің оңтүстік-батысындағы Халықаралық университет кампусының жанында орналасқан. БАҚ деректері бойынша, жолға құлаған салмағы 950 тонналық көпір құрылымы бірнеше автомобильді басып қалған.

Бұл оқыс оқиғаға байланысты Америка Президенті Дональд Трамп Twitter-дегі әлеуметтік парақшасында зардап шеккендерді құтқарушыларға алғысын білдірді.

«Флорида Халықаралық Университетінің маңында орын алған жағдайды бақылап отырмын. Сол мезетте зардап шеккендерге дереу көмек көрсеткен адамдарға алғысым шексіз. Бұл — батылдықтың белгісі. Қайтыс болғандар үшін дұға етеміз», — деп жазды Дональд Трамп.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат себебі әзірге белгісіз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!