Ақсулық ферроқорытпа зауыты 2014 жылы өндіріс көлемін 1,4% өсірді

945
Ақсулық ферроқорытпа зауыты 2014 жылы өндіріс көлемін 1,4% өсірді

Ақсулық ферроқорытпа зауыты 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өндіріс көлемін 1,4%-ға яғни,  1,3 млн тонна өсірді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Өндірісті жаңғырту және техникалық қамтамасыз ету үшін Ақсу зауыты 2014 жылы 6 млрд теңге (184,45/$1) бөлді.

«Түйінді жобалар қатарында заманауи механикалық, гидравликалық және энергетикалық жабдықтармен жабдықталған  кәсіпорынның 2 пешін капиталдық жөндеуден өткізу бар», — делінген кәсіпорынның баспасөз баянында.

2014 жылы пештерге капиталды жөндеу жүргізу үшін 2,1 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

«Сондай-ақ өткен жылы төртінші цехтың газ тазартқыш кешенін қайта қалпына келтіру жалғасты. 2014 жылы N41 пешке заманауи газ тазартқыш орнатылып, ізінше N45 және  46 пештерде аналогты обьектілер орнату бойынша жұмыстар басталып кетті. Жұмысты аяқтау ағымдағы жылдың ортасына белгіленді», — деп атап көрсетілген мәлімдемеде.

Баспасөз қызметінің баяндауынша, 2015 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының  негізгі инвестициялық жобалары өндіріс тиімділігін арттыру, ескірген құрылғыларды жаңа және экологиялық таза түрлеріне ауыстыру және қоршаған ортаға кәсіпорын әсерін азайтуға бағытталады.

Бұдан бөлек, осы жылдың аяғында кәсіпорындағы ең қуатты бөлім — N6 қорыту цехын қайта жаңғырту жобасы қолға алынады.

Ақсу ферроқорытпа зауытының өнімдері ТМД көлемінде және алыс шетелдерге шығарылады. Дон КБК,  Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарын біріктіріп отырған «Қазхром» Eurasian Recourses Group (ERG) холдингінің құрамына кіреді.