Ақтөбе облысында 20 кәсіпорын қайта жаңғыртылады

Ақтөбе облысында

Ақтөбе. 30 қазан. 7kun.kz —  2017 жылы Ақтөбе облысында 20 кәсіпорын қайта жаңғыртылады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде кәсіпорындарды жетілдіруге арналған Жол картасы бекітіліп, аймақта 15 өндіріс жаңғыртылған. Олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «KMK Мұнай» АҚ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «АХҚЗ» АҚ және т.б. бар.

2017 жылдың соңына дейін тағы 5 нысан бойынша технологиялық жетілдіру жұмыстары аяқталады. 20 кәсіпорынның технологиялық жаңғыртылуының жалпы құны 20 млрд теңгені құрайды. Бұл шара еңбек өнімділігін 9 пайызға арттырып, өнімнің өзіндік құны мен қайта өңдеу шығындарын 3 пайызға, жарақаттану деңгейін 10 пайызға төмендетеді. Экологиялық жағдайды жақсартады және өнімдердің түрлерін кеңейтеді.