Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен қыздың өз үйінің суреттері пайда болды

4676
су
Тұрғангүл Ешімова мен оның 10 жастағы қызы Махаббат Фото tengrinews.kz сайтынан алынды

Ақтөбе. 11 мамыр. 7kun.kz — Ақтөбеде су тасқынынан зардап шектім деп жылаған қыздың өз үйінің суреттері пайда болды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

Суреттерді қыздың отбасына үш бөлмелі пәтер сыйлаған бизнесмен Қайрат Құдайберген жолдады. Суреттерден үйдің толықтай қирап қалғанын және онда тұру мүмкін емес екенін байқауға болады. Махаббаттың үйіне арнайы барып, қираған үйдің суреттерін Қайрат Құдайбергеннің өкілі түсіріпті.

Ешімовтер отбасының үйі
Фото kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды
Фото: kaz.tengrinews.kz
Фото: kaz.tengrinews.kz

Бұған дейін, оқушы қыздың көршілері олардың үйін су баспағанын мәлімдеген еді. Аты-жөнін атағысы келмеген әйел Интернетте видеосы таралып, көпті елжіреткен қыз бен оның шешесін басқа біреудің су алған үйінің фонында видео түсіріп, қолданып кетті дегенді айтып, айыптаған болатын.

https://youtu.be/BipxYYoJ7-E

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтып, Алматылық кәсіпкерлер оған көппәтерлі үйден үш бөлмелі пәтер сыйлағанын айтқанбыз.