Қаңтар-ақпан аралығында қала халқының саны 25,9 мың адамға көбейген

қаңтар-ақпан
Фото: Tengrinews.kz

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz — 2018 жылдың басынан көктемге дейін Қазақстан халқының саны 38,8 мыңға өсіп, 18,1 млн адамды құрады деп жазады ranking.kz.

Қалада тұратындардың саны қаңтар-ақпан аралығында 25,9 мыңға көбейсе, ауыл халқының өсімі 12,9 мыңды көрсетті. Қазақстанда 10,45 млн адам қалада өмір сүреді. Қала халқы санының өсуі 12 облыста байқалған. Қалада тұратын адамдардың көптігі жағынан Алматы (17,3 пайыз), ОҚО (12,9 пайыз), Қарағанды облысы (10,5 пайыз), Астана (9,9 пайыз) көш бастап тұр.

Ауылда тұратындардың саны 7,74 млн адамды құрайды. 14 облыстың тек жетуінде ғана ауыл тұрғандары санының арасында өсім байқалған. ОҚО (5,2 мың) мен Алматы облысындағы (4,9 мың) ауылдарда адам саны өскен.