Қаңтар айында Қазақстандағы бензин өндірісі 3,5%-ға артты

417
Қаңтар айында Қазақстандағы бензин өндірісі 3,5%-ға артты

Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айында авиациялық түрін қоса алғанда, бензиннің 213,1 мың тоннасы өндірілген, бұл 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 3,5%-ға артық деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистика комитеті.

Дизельдік отын шығарылымы 0,4%-ға, 354,4 мың тоннаға дейін азайды, жағылатын мазут өндірісі 7,9%-ға, 280,6 мың тоннаға дейін төмендеген.