Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті.
«2017 жылғы экономикалық дамудың жоғары қарқыны 2018 жылдың басында да тұрақты сақталып отыр. 2018 жылдың бірінші айының қорытындысында ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. 2017 жылдың қаңтарында өсім 2,4 пайыз болған еді»,- деді ол.
Оның айтуынша, өсімнің негізгі көздері өнеркәсіп секторындағы шығарылатын өнімдердің кеңеюі, инвестициялық сұраныстың артуы және ішкі тұтынудың тұрақты түрде қалпына келуі болып отыр. Соның нәтижесінде жыл басындағы инфляция 0,6 пайызды құрады. Бұл инфляциялық таргеттеу режіміне көшкеннен кейінгі ең төменгі мән саналады. Жылдық мәнде инфляция 6,8 пайыз болады.
«2018 жылдың бірінші айында елдің халықаралық қоры 1,1 пайызға артып, 90,1 млрд долларға жетті. Оның ішінде алтын-валюта қоры 3,2 пайызға көбейіп, 31,7 млрд доллар болды. Ал Ұлттық қор активтері 2017 жылғы деңгейде сақталды», - деді Тимур Сүлейменов.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024