«Ақылдар айқасы» қалай пайда болды?

789
Ақылдар айқасы

2011 жылы Швецияның Гётеборг қаласында ағайынды Вилстед пен ағайынды Ландин FEO Media атты компания құрып, ойын бағдарламаларын жасаумен айналыса бастайды. Ол — бүгінде әлеуметтік желі қолданушылары арасында танымал «Борьба умов» немесе «Ақылдар айқасы» ойыны. Бүгінде бұл ойын әлемнің 21 елінде ойналады. 7kun.kz интеллектуалдар ойынының тарихы туралы толығырақ баяндайды. 

Бәрі 2010 жылдан басталды.  FEO Media компаниясының негізін салушылардың бірі Роберт Вилстед досы Калле екеуі жаңа жоба бастамақ болады.

Ойынның идеясы өте ұзақ туындады деуге болады. Негізгі мақсат — адамдар бір-бірімен жарыса ойнайтын бір әлеуметтік ойын жасау еді. Барлығы үшін бірдей қызық болуы қажет. Бір байламға келіп болмағанға ызаланған Роберттің ағасы Генрик қашан идея ойыма келмейінше бөлмедн шықпаймын деп өзіне серт беріп, есігін ішінен жауып алады. Бірнеше сағаттан соң Quizkampen ойынының құрылымымен таныстырады. Ол жерде екі адам бір-біріне қарсы ойнайды. Түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап береді, әр раундта үш сұрақ бар, жалпы саны 6 раундтан тұрды. Викторина сұрақтары бұрыннан бар. Бірақ бұл жердегі жаңалық — екеуара жарыс, уақыттың шектеулі болуы еді.

«Борьба умов»: Как шведские братья придумали игру для России. Изображение № 1.

Бүгінде бұл ойынды 50 миллионға жуық адам ойнайды. Әр сәт сайын ойнауға ұсыныстар түсіп жатады. Олардың әрқайсысын жұптарға бөлу керек. Жұмысы өте көп. Десе де, бағдарламашыларының кәсіби шеберлігінің арқасында жұмыс өрге домалап отыр. Швед нұсқадағы алғашқы 8 мың сұрақты Роберт ағасы Генрикпен бірлесіп дайындаған. Сұрақтар жасау аса қиыншылық тудырмады. Себебі, ол өзі мұғалім болып істегендіктен, тест жасау күнделікті іске айналған. Ақыры 2012 жылы ұзақ дайындықтан соң Quizkampen ойыны қалың жұртқа қолжетімді болады. Шыққан соң бір айдың ішінде швед AppStore онлайн-дүкенінде бірінші орынға жайғасады. Бір жылдай жалақысыз өмір сүруге тура келген. Себебі, Швецияда салық өте жоғары. Одан бөлек, әрбір қызметкер өз табысының 30%-ын мемлекетке береді.

Жергілікті нарықтағы жағдай қандай?

«Швецияда қолдау таптық, демек басқаларын да бағындыра аламыз» деген ұранмен енді ауқымды кеңейтуге кіріседі. Ойын шыққаннан кейінгі екі жылда шығармашылық ұжым сұрақтарды реттеп, бірнеше тілдерге аударып, жалпақ жұртқа арналған нұсқасын жасаумен айналысады. Мобильді қосымшалардан шығын аз кетеді. Жарнама беріп әуре болудың қажеті шамалы. Жарнама бюджетіне ең бастапқыда қолдау табу үшін 2-3 мың доллар салсаңыз жетіп жатыр. FEO Media жарнаманың көп бөлігін Фейсбук желісіне төлеген көрінеді. Ал, орысша нұсқасын дамыту үшін «ВКонтакте» желісін қолданған. Жарнамаға ақшаны ең көп қажет еткен ел — АҚШ. Бұл елді жаулау әлі күнге дейін қиынға соғып жүр. Ал, Польшада жағдай мүлдем басқаша. Ол жерде «Ақылдар айқасы» поляк тіліндегі жалғыз ғана викторина.

«Борьба умов»: Как шведские братья придумали игру для России. Изображение № 2.

 «Ақылдар айқасы»

Қазақстанда ойынның қатты белең алғаны кезі — 2015 жыл. Ойындар рейтингінде ұзақ уақыт бойы бірінші орыннан түспеді. Орысша нұсқасын барша ТМД елдері ойнайды.

Орысша нұсқасы 2013 жылдан бері дайындалған. Аударып, сұрақтар дайындауға бір жыл уақыт кеткен. Сол себепті 2014 жылдың тамызында шығады. Бастапқыда қызыққан адам аз болғанымен, 2015 жылдың ақпан айынан бастап ойын жанкүйерлерінің саны кенеттен өсе бастайды.

«Борьба умов» атауын Ресейдегі менеджер Евгений ойлап тапқан. Атауына бірнеше нұсқалар ұсынылған, соның ішінде «Турнирума» деген де атау айтылған. Бірақ, Евгений қазіргі атауға тоқтауға кеңес береді. Роберттің орысшасы тек «иә», «жоқ» және «білмеймінмен» ғана шектелген. Ресейге де келіп көрмедім дейді ол бір сөзінде.

FEO Media қандай компания?

«Ақылдар айқасын» сыйлаған FEO Media компаниясы бүгінде ұялы телефонға арналған өзге де ойындар, қосымшалар шығарады. 2014 жылдың тамызында ашылған. Компанияның жылдық айналымы: 92 миллион крон

Бүгінде Feo Media-да 53 адам жұмыс істейді. Олардың жартысынан азы жартылай жұмыс жасайды. Көпшілігі жергілікті менеджерлер. Олар сұрақтарды тексеріп, тұтынушылардан келіп түскен хаттарға жауап беріп отырады. Компания қызметкерлерінің айтуынша, қазақ және орыс аудиториялар «жыныстық қатынасқа» қатысты сұрақтарға тыйым салған жөн деген пікірді ұстанады. Көбіне сол сұрақтардың үстінен арыз түсіп жатады екен. Оған себеп — біздің менталитетіміз. Бір жағынан биология деген түсіндірме берсе, екінші жағынан — ұят екенін өздері де мойындайды.

Викторина десе, бәріміздің ойымызға «Миллион кімге бұйырады» ойыны түседі. Бірақ, бұл екеуін бір-бірінен бөліп тұратын тұстары өте көп. Мысалы, «Ақылдар айқасы» ойынында ойыншылар өзара хат алмаса алады. Тіпті осы ойын арқылы чатпен сөйлесіп жүрген Германиялық жұп үйленген деседі.

«Борьба умов»: Как шведские братья придумали игру для России. Изображение № 5.

Табыс

Бұл ойын арқылы табыс жарнама мен премиум-аккаунтар саудасы арқылы түсіп отыр. Жарнамасы бар терезе ойын біткен сайын шығып тұрады. Егер жарнаманы көргіңіз келмесе, премиум-аккаунтты сатып алсаңыз болады. Ол жерде жарнама болмайды, аватар өзгертуге болады, ойын статистикасына қолыңыз жетеді. Онлайн-дүкеніне орай ойынның бағасы да түрліше.

2014 жылы «Равенсбургер» атты неміс компаниясымен ойының үстелде ойнауға арналған нұсқасын жасау туралы келісімге келеді. Сатылымнан түскен пайданың бірнеше пайызын ғана береді. Тарату, жарнамалау сынды жұмыстармен өздері айналысады. «Равенсбургер» Германия мен Италия үшін екі үстел ойының жасап үлгерді. Сондай-ақ, әзірге тек Германияда ғана көрсетілетін телевизиялық шоу бағдарламасы да бар. Телевизиялық нұсқасын пайдалану құқығын ITV Studios сатып алған.

Ойын біткенде шығатын жарнама контенті барлық әлем үшін бірдей. Жергілікті жерге байланысты бөлінбейді. Бірде мынадай қолайсыз жағдай да болған: гей-жұптарға арналған желі жарнама сатып алып, ол жарнама орысша нұсқада да көрініп қалады. Ертеңіне халық поштаға тыным бермей, түтіп жеуге сәл-ақ қалады. Сол жағдайдан соң жарнама берерде біраз ойланатын болдық дейді ағайындылар.

Бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныстар көп түсетін көрінеді. Мәселен, «мына тамақты қай жерден тапсырыс беруге болады» деген сауалдар беріліп, жауабына өздерінің өнімін ұсынатын компаниялар да бар. Бірақ, FEO Media ондай ұсыныстарды бірден кері қайтарып отырады. Ойынның ішінде кез келген тақырып жөнінде сауалдар бар. Олардың жауаптарын мамандар тексеріп, іріктеумен айналысады.

FEO Media-ның бұдан бөлек тағы бірнеше ойындары бар. Бірақ, ішіндегі шоқтығы биігі — «Ақылдар айқасы».