АДБ Қазақстанға 1 млрд доллар береді

Азиялық даму банкі (АДБ) Қазақстанға 1 млрд доллар көлемінде қаржы бөледі деп хабарлайды LS қаржы институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл қаржы елдегі экономиканы нығайтуға бағытталған бағдарламаларды іске асыруға көмектесуі қажет.

Олардың мәліметінше, АДБ қаржылары экономиканы тұрақтандыру шараларын қолдап отырмақ. АДБ-ның капиталды ресурстарынан бөлінген қаржы 500 млн доллармен екі транш арқылы бөлінбек. Қаржыландыру 5 жылға созылады.

«АДБ-ның қолдау қорынан бөлінген қаржы елге әлемдік мұнай бағасы мен көрші елдердің экономикалық өсімінің шектелуіне байланысты туындаған негативті жағдайға қаржылай қолдау көрсетпек», — деп түсіндірді Орталық және Батыс Азия департаментінің бас экономисті Шоу-Зибель.

Оның мәліметінше, бұл қаржы үкіметке инфрақұрылымды жаңаландырып, жұмыс күштері бойынша бағдарламаны іске асыруды жалғастыруға ықпал етеді.