Adidas Ресейдегі 200 дүкенін жабады

547
Adidas Ресейдегі 200 дүкенін жабады

Adidas компаниясы Ресейдегі өзіне тиесілі 200 дүкенін жабад. Бұл туралы ұйымның атқарушы директоры Герберт Хайнер мәлімдеді.

Әзірге нақты қай нүктелердің жабылатыны белгісіз. Компанияның мұндай қадамға баруына ресейлік валютаның тұрақсыздығы себеп болып отырған көрінеді.

Хайнердің сөзіне қарағанда, Adidas-тың «жағымсыз эффектісі» 550 млн еуроға тең. Тек 2014 жылдың төртінші тоқсанында ғана компанияның таза шығыны 140 млн еуроны құраған. Осыған қарамастан, Adidas нарықтың қалпына келіп, ресейлік тұтынушылардың төлем қабілетінің артатынына сенеді.

Бұған дейін River Island британдық желісі, сондай-ақ OVS және Esprit маркалары 2014 жылдың қыркүйегінде ресейлік нарықтан шығып кеткен болатын. Ал қазан айында Gerry Weber атты неміс маркасы дүкендерін жапты. Сондай-ақ, Ресей аумағында Calvin Klein, Armani Jeans, TopShop өнімдерін ұсынатын BNS Group компаниясы да саудасын тоқтатты.