Алматы. 21 қараша. 7kun.kz — "Аэрофлот" авиакомпаниясы Мәскеуден Қазақстанға ұшуды жиілетеді, бұл туралы РФ Минтрансы жанындағы ведомствоаралық комиссия (ВАК) хабарлады.
Онда тасымалдаушы аптасына ұшу жиілігін: Астанаға - 9-дан 12-ге дейін, Қызылордаға – 7-ден 10-ға дейін, Ақтөбеге – 4-тен 7-ге дейін ұлғайтуға рұқсат сұрағаны айтылған.
Қазір Мәскеу мен Астана арасында ( Алматы да бар) жүйелі түрде тек "Аэрофлот" пен Air Astana ғана ұшады. Бұл үкіметаралық келісім бойынша осы желілерде әр мемлекеттен бір тасымалдаушы ғана жұмыс істей алатындығына байланысты.
Қыркүйек айында РФ мен Қазақстанның авиабилігі өздерінің ірі қалалары арасында жиілікті ұлғайту жөнінде келісімге келген болатын. Дәлірек айтқанда, Астана-Мәскеу желісінде IАТА "Жаз-2018" маусымынан бастап апталық рейстер жиілігі 9-дан 12-ге дейін, басқа келісілген желілерде 7-ден 10-ға дейін ұлғайтылатын болады.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





