Алматы облысы. 22 қараша. 7kun.kz – Әлемдегі ең ірі ойын-сауық және медиа компания Walt Disney Co. жаңа бас атқарушы директоры Боб Айгерге жылына шамамен 27 миллион доллар төлейтін болды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Bloomberg-тің жазуынша, Айгердің базалық жалақысы жылына 1 миллион доллар, оған қоса жылдық жалақы көлеміне тең сыйлықақы төленеді. Сонымен қатар жыл сайын акция түрінде 25 миллион доллар өтемақы алады.
Айта кетейік, Айгер 2005-2020 жылға аралығында Disney-де СЕО қызметін атқарып кеткен. Жақында қайта оралған ескі де жаңа басшы компаниямен 2 жылға келісімшартқа жасады.
Сонымен қатар Айгердің өтемақысының белгіленген мөлшері Disney бұрын төлеген сомалармен салыстырғанда соншалықты үлкен емес, деп атап өтті Bloomberg. Компанияның бұрынғы басшысы Боб Чапек 2021 жылы акция түрінде 32,5 миллион доллар, ал сол кездегі басқарма төрағасы Игер 45,9 миллион доллар алған.
Дүйсенбіде Нью-Йорк саудасында Disney акциялары 6,3%-ға өсті. Жыл басынан бері компанияның капиталдандыруы 37%-ға, яғни 167,36 млрд долларға дейін азайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024