Air Astana мен Scat Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып ұшады

59
217
Фото: gyronews.com

Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға рейстерді Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып орындау туралы шешім қабылдады. Бұған сәйкес ұшу уақыты төмендегідей ұзарады:

Алматы – Дубай  20 минутқа, Дубай – Алматы 10 минутқа, Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа, Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа.

Air Astana жағдайды мұқият қадағалап отырадтынын, қандай да бір өзгерістер орын алған жағдайда жұртшылықты хабардар ететінін мәлімдеді.

Мұндай шешімді SCAT әуе компаниясы да қабылдаған.