Кітапхана

Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметінің теориялық негіздері (курстық жұмыс)

Аймақтағы сыртқы экономикалық талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.
Сыртқы экономикалық қызметі қазіргі таңда мәні өте ерекше. Өйткені біз сыртқы экономикалық қызметі арқылы елімізді таныта аламыз, яғни еліміздің экономикалық потенциалын әлемдік аренада алатын орнын көрсете аламыз. Еліміз егемендік алғалы нарықтық заңдарға бейімделе бастадық. Нарықта бәсекесіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да бәсекелестердің арасында үздік болу қажет. Елдің сыртқы экономикалық қызметі, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын танытады. КСРО ыдыраған соң Қазақстанды көптеген ел дербес тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады. (Соның ішінде алғашқылардың бірі Түрік мемлекеті) Енді жас мемлекетке ішкі мәселелермен қатар сыртқы саясатты айқындаудың мәні зор болатын. Қазақстан Республикасы өзінің экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешуде әлем мемлекеттерімен дербес экономикалық саясат жүргізе бастады.
Сондықтан да осы курстық жұмыста аймақтағы сыртқы экономикалық қызметінің маңыздылығына аса мән бере отырып, оны тереңірек талдау және жетілдіру мәселелері талқыланады.

1. Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық түрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық эко-номикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің аймақтағы сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңи түлғаларының үқсас шетелдік қатысу-шылармен жөне халықаралық қаржы-кредит институттары-мен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, транс-ферт жөне өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бүл — валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыра-тын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» (Үлттық шоттар жүйесінің түсіндірмесі бойынша) қатынастары. Бүл қатынастарда және аймақтағы сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық қүралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпал-дасуды (интегаиялауды) жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалып-тасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың қүралы болып табылады (21.1 сызба-ны қараңыз).
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы эконо-микалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек үлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптаса-тын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті суъбектілері шетел мемлекеті, халықаралық үйым, фир-ма және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табыла-ды. Қаржы қатынастары үлттық экономикалардың шекарасы-нан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен терендей түсуіне жөрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру жөне халықаралық ынтымақтас-тықтың өр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жүмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін жөне бүл қатынас-тардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде аймақтағы сыртқы экономикалық байланыс-тарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау: бірлескен көсіпкерлік, соның ішінде заңи түлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;
3) концессиялар — елдің аумағында шаруашылық жөне өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ре-сурстарды, өр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік қүқықтарын алу, меншікті жалдау;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит уйымдарына қатысуы; аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің бүл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланыс-ты жөне халықаралық қаржы және басқа үйымдарға жарналар төленеді;
5) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынты-мақтастық;
6) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды жөне басқа қызметкерлерді үстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметке сонымен бірге шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркөсіп және басқа объектілер салуға капитал жүмсау нысанындағы сыртқы ин-вестициялау жатады; алайда, қызметтің бүл түрі Қазақстанда қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дамыған. Мүндай активтер айтарлық-тай дәрежеде шетке «капиталдың кемуі» болып табылады.
Арнаулы (еркін) экономикалық аймақтарды — айрықша қүқықтық жене экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру қызметтің ерекше түрі болып та-былады, олар аймақты жеделдетілген өлеуметтік-экономика-лық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогресивті шетелдік технологиялар мен басқару төжірбиесін тарту мақсатымен қүрылады.
Аталған аймақтағы сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту рес-публиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап жөне кредит қатынастарының негізіне қойылған .
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақ-стан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металда-рға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге кәзіргі кезде ендірістің қалыптасқан қүры-лымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі мине-ралдық өнімдерге — 50% тиеді, оның үстіне мүнай мен газ кон-денсатының үлес салмағы 50% қүрайды. Металлургия өнеркәсібінің өнімі 22,4% , химия өнеркәсібінің өнімі 5%, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат 7% ала-ды. Агроөнеркөсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық жөне былғары шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі -валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім ендіруге жүмса-лынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның қүны және қосым-ша шығыстар — көлік, жүісгі ауыстырып тиеу, порттарда, станса-ларда сақтау шығындарының) ара салмағы үғымы қолданылады. Валюталық түсім-ақша Үлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның қүрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті жөне ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, қүрал-жабдық, көлік қүралдары, приборлар — 41%, химия енімдері, пластмассалар, каучук — 15% , минералдық өнімдер — 13%, асыл емес металдар мен оларды ендіруге арналған шикізат — 9%, басқадай баптар -11% болып табылады.
Макроэкономикалық теорияға сөйкес экспорттың импорт-тан асып түсуі таза экспорт таза үлттық өнім көлеміне (19.2 бөлімді қараңыз) оның мультипликациялануы (көбеюі) әсеріне байланысты үлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бүл асып түсу елдің төлем балан-сының (ондағы сауда балансының едөуір ара салмағы жағдайын-да) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражат-тардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отан-дық түтынушылар қажетті тауарларды, өсіресе олардың меншікті рыноктағы тапшылығы кезінде көп алады. Алайда үзақ мерзімде бүл қүбьшыс телем балансының пассивін теңестіру үшін пайда-ланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына үрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және үзақ тапшы-лықтары экономиканы күрделі қайта қүруды, сауда тосқауылда-ры мен басқа шектеулерді қажет етеді, үлттық валютаның қүнсыз-дануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
Экспорт-импорт операцияларын жүргізуде республиканың негізгі әріптестері жақын шетелдер, дамыған капиталистік елдер болып отыр.
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі — ше-тел инвесторларының қатысуы және республика экономика-сын түрақтандыру үшін шетел кредиттерін тарту. Бүл қара-жаттар үлттық шаруашылықтың қүрылымын жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты түтыну тауарларымен мо-лайту жөне экспорттық әлуетті кеңейту үшін нысаналы өрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге үлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді қам-тамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорла-ры болып табылады.
Шетел капиталы елге кредит, дамуға ресми көмек, инвести-циялар сияқты үш өр түрлі нысанда түседі. Алгашқы екі нысан туралы оқулықтың 17.3. бөлімінде баяндалған болатын.
Инвестициялардың екі түрі болады: тура жөне портфелдік. Тура инвестициялар дегеніміз шетелдік капиталды оның егесінің ез төуекелдігімен пайда алу үшін басқа елдің экономикасына жүмсауы. Портфелдік инвестициялар — қаражаттарды жалған ка-питалға — басқа елдің заңи жөне жеке түлғалары шығаратын ба-ғалы қағаздарға жүмсау.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты өкімшілік рәсімдерді ықшамдау: жүмыс істеу қүқығына, ел ішінде жүріп-түруға, кедендік және шекаралық бақылаудан өтуге рүқсат-тар беру, рүқсатнама беру және т.б.;
2) елдің үлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басым-ды салық жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру (жеңіддетілген мелшерлемелер, инвестицияларға немесе кредит-терге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген баждар, жеделдетілген амортизация (өтелім) және басқалары);
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану қүқығын қамтасасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру.
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамга инвестиция үғымын ала келді. Бүл өркениетті әлемде өлдеқашан қарым-қаты-настың қалыпты зандылығына айналып кеткен үғым болып та-былады. Әу баста елімізге келген шетелдік инвесторлар мүнай мен газ саласына көбірек қаржы қүйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да инвестицияның басым бөлігі кен-қазба байлықтарын қүрай-ды. Өз кезегінде Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы ат-қарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында елдің ішкі сая-си түрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзе-ге асырыла бастауы сырттан келетін қаржының түрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңце Қазақ-стан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялар-дың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Халықаралық «Moody’s Investors Service» рейтинг агенттігі Қазақстанға қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, ете жоғары рейтингін берді. Бүл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бүған Қазақ-станның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі түрақтылықты, саяси түрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта дамып келе жатқанын танып отырғаны түлғала-нып шығады.
Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асы-ру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық қайта қүру жене даму банкі, Ислам даму банкі, Азия даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттары-мен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен іс-өрекетті үйлестірудің үлкен мөні бар. Сонымен бірге Қазақстан Респуб-ликасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі 80 халықаралық үйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сөйкес республика халы-қаралық қаржы-кредит және басқа үйымдарға қатысудан туын-дайтын мушелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық үйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.
Туризм әлемнің кептеген елдерінде экономика мен қорша-ған ортаға әсер ететін маңызды әрі кешенді фаьсгор болып табы-лады. Дүниежүзілік туризм үйымының мәлімдеуінше, әлемдік экономиканың бір саласы турзм жалпы үлттық өнімнің 10 пайы-зын, халықаралық инвестицияның 11 пайызын береді екен. Бүл туризмнен түсетін пайданың мүнай мен көлік тасымалынан кейінгі үшінші орынды мығым иеленіп отырғанын көрсетеді.
Ел экономикасын дамытуға үлес қосуға тиіс туризмді өркен-дету Қазақстанда арнайы заңцастырылғаны мәлім. Статистика жөніндегі республикалық агенттік мәліметтері бойынша 2003 жылы елімізде 713 туристік фирмалар мен агенттіктер жүмыс істеп, 229 мың туристер мен экскурсанттар қызметін пайдаланған. Туристік фирмалардың негізгі кіріс көздері жолсапарлық туризм болып табылады, оның үлесі 61,2 % қүрайды.
Соңғы кездері шетелден келетін туристерді ынталандыру жөніндегі бірқатар мәселелер өз шешімін тапты: туристік қыз-мет көрсету экспортына салынатын қосымша қүн салығы алы-нып тасталды, туроператорлық қызметті жүзеге асыратын туристік үйымдарға мемлекеттік қолдау көрсету «Қазақстан Республика-сындағы туристік қызмет көрсету туралы» Заңмен бекітілді және т.б.
Сонымен қатар, бүгінгі танда республикада туристік саланы дамытудың шешілмей отырған бірқатар проблемалары бар. Бірқатар шынайы факторлар саланың қалыптасуын тежеп отыр. Бүл ең алдымен туристік индустрияның өзіндегі, онымен сабақ-тас салалардағы менеджменттің әлсіздігі, туристік инфрақүры-лым нысандарының негізгі қорының тозуы.
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды жөне басқа қызметкерлерді үстауды жөне олардың жүмысын қаржыландыру дамудың кәзіргі кезеңінде аймақтағы сыртқы экономикалық байланыстар қызметінің бірі болып отыр.
Төуелсіз даму жылдарында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дип-ломатиясы ойдағыдай дамып, ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына жақсы қызмет етті. Осы уақыт ішінде қатынас орнатқан елдеріміздің жалпы саны 121 болды. Бүгінде Қазақстанның БҮҮ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҮ секідді 64 халықаралық үйымда өкілдігі бар. Шет елде 50 шетелдік мекеме, соның ішінде 32 елшілік, 4 түрақты өкілдік, 2 диплома-тиялық миссия, 3 бас консулдық, 10 консулдық жөне 1 төлқүжатвиза қызметі жүмыс істейді. Көптеген елдерде Қазақстанның елшілері қосымша елшілік қызмет атқарады.
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті дамытудың негізі көптеген шаруашылық зандарында қаланған. Бүл қызметті кеңейту өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәйгелестікте да-митын ашық түрпаттағы экономиканы қалыптастыруды қажет етеді.
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті жетілдірудің негізіне сырт-қы рынокта республика косіпорындарының, үйымдарының жөне аймақпгарының дербеспгігін кеңейгпу идеясы, коммерциялық опе-рацияларды шаруашылық жүргізуші субъектілерге бере отырып аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті мемлекет иелігінен алу жөне ор-талықсыздандыру қойылған (олардың іскерлік дербестігін қам-тамасыз ету жөне мемлекеттік органдардың функцияларын бүл операцияларды реттеу мен ынталандыруға шоғырландыру кезінде). Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті басқару негізінен қүқықтық және экономикалық түтқаларга (кеден баждары, са-лықтар, валюта бағамы, банк пайызы) аударылып отыр. Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық багыты — үлттық валю-таның түрақты жүмыс істеуі және валюта рыногын дамыту. Ва-лютаның нарықтық багамы экспортты кеңейту мен импортты оңтайландыру (рационализациялау) жөніндегі сыртқы экономи-калық қызметті ынталандыру мен реттеудің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың валюталық дербестігін кеңейту үшін нарықтық бағамдар бойынша оны еркін сатып алу-сатудың валюталық ішкі рыногы қүрылған. Қалыптасқан валюта бағамының негізінде валюта биржасында сауда-саттықты жүргізгенде валютаға сүраным мен үсынымның ағымдағы ара салмағының негізінде Үлттық банк валюталардың бағамын белгілейді. Валюта жөне кредит операцияларына коммерциялық банктер шығады, шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлікті кепілдікке салып шетелдік кредиттерді өздігінше тартуға қүқық алады.
Компаниялардың, фирмалардың, үйымдардың, банктердің аймақтағы сыртқы экономикалық кепілдіктерін сақтандырудың жүйесі қүрылуда.
Дамудың бағдарламаларына сөйкес аймақтағы сыртқы экономикалық саясат аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға бағыттал-ған. Дүниежүзілік конъюнктура мен шетелдік бәсекенің қолай-сыз дамуынан үлттық рыноктың мүдделерін қорғау үшін им-порттық тауарлардың түсуін реттеу мақсатына сөйес импорттық баждар қайта қаралады. Ортақ мүдделері бар елдердің біртүтас экономикалық кеңестіпшң шекарасындағы сыртқы экономика-лық қатынастардың негізгі мәселелері жөніндегі үлттық заңнама сөйкестендіріледі.
ТМД елдерімен аймақтағы сыртқы экономикалық қатынастар бөлігінде стратегиялық курс экономикалық одақты сақтау жөне төртіпке келтіру, бүл елдердің көсіпорындары арасында қалыптасқан ко-операцияны қолдау, әскери өндірістерді; көлік, байланыс, энер-гетика, ғылыми-техникалық прогресс, кадрларды дайындау сфе-расында, экологиялық проблемаларды шешуде, қорғанысты қайта бағдарлау женіндегі күш-жігерді біріктіру болып табылады.
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызмет қалыпты жүзеге асырылуы үшін дамыған аймақтағы сыртқы экономикалық инфрақүрылым қажет. Осы мақсатпен Үкіметтің, Қаржы, Экономика және бюджеттік жос-парлау министрліктерінің, Үлттық банктің қүрылымында сырт-қы байланыстарды басқарудың органдары қүрылған. Валюталық операциялар жасауға лицензиясы бар коммерциялық банктердің, мамандандырылған тауар биржаларының желісі жүмыс істейді.
Аймақтағы сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдары-ның аса маңызды функциясы валюталық қатынастарды реттеу болып табылады. Валюталық реттеу — нормативтік-қүқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту, ақпарат жинау, валюта заңнамасы-ның сақталуын бақылау және зандарда көзделген санкцияларды қолдану.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Үлттық банкі, Қаржы министрлігі зандарға сөйкес валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органдары болып та-былады. Үкімет жөне өзге де мемлекеттік органдар зандарға сөй-кес өз қүзырының шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Бүл органдар сонымен бірге валюталық бақылауды да жүзеге асырады. Мүндай фукнцияны сондай-ақ валюталық бақылаудың агенттері — уөкілетті банктер мен уөкілетті бейбанктік қаржы мекемелері де орындайды, оларға алынған лицензияларға сөй-кес операциялар жүргізген кезде валюта заңнамасының сақталу-ына бақылау жасау міндеті жүктелінген.

1.2 Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен өдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:
1) аймақтағы сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2) салық салу;
3) инвестициялау;
4) сыртқы қарыз алу;
5) сыртқы берешек
6) экспортты қаражаттандыру
Реттеу өдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама өдістерді кіріктіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квошалау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, түрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ аймақтағы сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операция-ларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғүрлым пөрменді және дамыған аймақтағы сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бүларға салықтар, соның ішінде кеден бажда-ры, валюта багамы, дүниежүзілік бага, сыртқы кредиттер бойын-ша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа багалы щагаз-дар мен төлем қаражаттарының багамы жатады.
Валюта багамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде түлғаланатын үлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырады. Ва-люта бағамының ауытқуы отаңцық түтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және, керісінше, отандық тау-арлардың бағасы басқа елдің түтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бүл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; үлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды, өйткені бірінші жағдайда отандық тауарлар шетелдіктер үшін арзандайды жөне бүл тауарларға олар-дың тарапынан сүраным үлгая түседі; екінші жағдайда импорт-тық тауарлар арзандайды және өздерінің елінде бүл тауарларға сүраным үлгая түседі; екінші жағдайда импорттық тауарлар ар-зандайды жөне өздерінің елінде бүл тауарларға сүраным артады.
Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді (қүбыл-малы) немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде үйымдасты-рылуы мүмкін.
Икемді багамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сүра-нымы мен үсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген ба-гамдар жүйесі кезінде үлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгілінеді; екінші жағ-дайда мемлекет бүл ара қатынасты реттеп отырады, сөйтіп еддің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта ры-ногының қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта ба-ғамының кемуі экспорт кезінде қүнның импорт кезінде өтелінетін шығасын тудырады жөне керісінше, бүл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда болады, бүл қосымша экспортпен жабылуы тиіс.

Импорт кезінде (шетелдік импортшы үшін) шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокта мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді  және керісінше, бүл бағамның артуы импортталатын тау-арларға бағаның есуіне байланысты рыноктың түқыруына үрын-дырады.

Отандық импортшылар үшін бағамдардың ауытқулары ше-тел тауарларын сатып алу женіндегі мүмкіндіктерінің өзгеруін білдіреді.
Сөйтіп, валюта бағамы экспорт пен импорттың келеміне әсер етеді,ол, өз кезегінде, қаржы қүралдары — экспорт мен импорт-қа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды түтынушылардың да қаржы жағдай-ына ықпал жасайды.
Дағдарысты ахуалдар кезінде: өндірістің едөуір қүлдырауы мен қанағаттанғысыз сүраным тудырған инфляция кезінде сырт-қы экономикалық тепе-теңдікті айқындайтын микроэкономи-калық үйлесімдер мен қағидаттар бүзылады өрі бүрмаланады. Бүл түтыншыларды импортқа жалпыға бірдей бағдарлаумен, өске-лең импортты жабу үшін экспорттық валюталық түсім-ақшаның жетіспеушілігімен, үлттық валютаның түрлаулы валютаға қара-ғанда бірден қүнсыздануымен қосарлана жүреді. Орталық банк валюта резервтерінен айырыла отырып немесе халықаралық қаржы үйымдарына қолдауды өтіне отырып, өзінің ақша бірлігінің бағамын қолдап отыру үшін валюталық басқыншылық-тар жүргізуге мүдделі болады. Дағдарыстың одан өрі дамуы мемлекетті елдің өмірлік тіршілігіне сондай қажет болып отырғ-ан импортты да шектеуге мәжбүр етеді, өйткені оны төлеуге ақша-сы жоқ. Экономикасы шикізатқа бағдарланып отырған елдерде үзаққа созылған дағдарыстар экспорттың бірден-бір көзі болып отырған табиғи ресурстардың сарқылуына, экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздікті болуы мүмкін жоғалтуға жеткізеді.
Салықтар аймақтағы сыртқы экономикалық қатынастардың маңызды реттегіші болып табылады; бүл жерде әңгіме жалпымемлекеттік салықтар, сондай-ақ арнаулы — бірлескен кәсіпорындардың пай-дасына салынатын салықтар, кеден баждары (экспорт пен им-портқа салынатын салықтар) жөнінде болып отыр.
Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.
Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттары-ның (яғни тауарлар мен өзге де заттардың кеден шекарасы арқы-лы өту тәртібін, кеден салығын салуды, ресімдеуді, бақылауды және кеден саясатын жүзеге асырудың басқа қүралдарын) белгілейді.
Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді. Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады, олар республиканың кеден аумағы-на әкелінетін және бүл аумақ шегінен өкетілетін тауарлар мен өзге де заттарға салынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде кеден органдары алатын, заңнамада белгіленген және мөлшерлемелерін Үкімет белгілейтін кеден төлемдерінің басты түрлерінің бірі кеден баждары — үлттық шекара арқылы тасылатын тауардан кеден тарифінде қарастырылған мөлшерлемелер бойынша мемлекет алатын салықтар (21.2 кестені қараңыз). Отандық практикада баж салығының адвалор-лық, айрықшалықты және қүрамдастырылған мөлшерлемелері кең тараған: адвалорлық — салық салынатын тауарлардың қүнына пайызбен, айрықшалықты — бөлгіленген мөлшерде салық салы-натын тауарлардың немесе заттардың елшеміне, ал қүрамдасты-рылган мөлшерлемелер — салық салудың екі түрінің үштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер. Әкелім, өкетілім, транзиттік, маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік, протекционистік (қолдампаздық), пүрсаттьшықты (преференци-алдық) кеден баждары болып ажыратылады. Қазақстанда импорттық(әкелімдік), маусымдық, арнаулы, демпингке қарсы, өтемдік баждар қолданылады.
1996 жылға дейін Қазақстанда экспорттық баждар жүмыс істеді. Экспорттық кеден баждары үкімет анықтайтын тізбе бой-ынша тауарлардың жеке түрлеріне салынды. Экспорттық баждар меншік нысанына жөне тіркеу орнына қарамастан занды түлға-лардан, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаратын жеке түлға-лардан өндіріп алынды. Экспорттық баждарды шетелдік валюта-да экспортерлер төлейді жөне тауарлар мен қызметтер көрсетудің кеден қүнына есептеледі. Бартерлік (тауар айырбасы) операция-лары бойынша тауарлардың әкетілімі кезінде баждың мөлшерлемесі сақталады. Экспорттық кеден баждары көптеген мемлекеттерде қолданылады және сыртқы сауда айналымының, дүниежүзілік рыноктардағы тауарлар бағасының, олардың бөсе-кеге жарамдылығының шынайы реттеуіші болып қалуда жөне жалпы бүл рыноктардың конъюнктурасына өсер етеді.
Экспорттық кеден баждарының экономикалық мәні -абсолюттік рента. Оны шетелдік сатып алушы төлейді.

2.1. Қазақсан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны

Территориясы жағынан Қазақстан Республикасының әлемдегі ең ірі мемлекеттер қатарына жатады. Оның көлемі 2724,9 мың шаршы км. болып, әлемнің екі бөлігіне орналасқан, көбі Азияда және аз бөлігі Европада. Территориясы бойынша ТМД елдерінде 2-ші, дүниежүзінде 9-орында тұр. Әлемде одан ірі мемлекеттер қатарына Ресей (17075), Канада (9976), АҚШ (9809), Қытай (9560), Бразилия (8510), Австралия(7713), Үндістан(3290) және Аргентина (2770) кіреді. Мектептің географиялық оқулықтарында Қазақстанға Батыс Европа еш қиындықсыз орналаса алады деп айтылған еді. Қазақстанның төмендегідей елдермен ортақ шекаралары бар: Ресеймен (шекара ұзындығы 6467км); Өзбекстан(2300); Қытай (1460);Қырғызстан(980); Түркменстан(380). Каспий теңізі бойынша Иран және Әзірбайжанмен (теңіз шекарасы 600км) көршілес болып отыр.
Елдің географиялық орналасуы дүниежүзілік шаруашылыққа енудің маңызды факторы екені белгілі. Ал Қазақстанның геоэкономикалық жағдайына мамандар түрлі баға беруде. Біреулері оны әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағандықтан, әлемдегі ең арзан халықаралық транспорт- мұхиттық тасымалдауды пайдалану мүмкін еместігін сәтсіз деп санауда. Басқалары керісінше, ел Еуразия құрлығының ең ортасында тиімді орналасып, одан елеулі экономикалық пайда ала алады деп есептеуде. Шынында Қазақстан бір-бірімен қатынастары осы территория арқылы жақын болатын, бірнеше дамыған және тез дамып келе жатқан аймақтар ортасында орналасқан. Бұл экономикалық байланыстарға бір жағынан Батыс Еуропа мен Таяу Шығыс және Шығыс пен Оңтүстік-Шығыс Азия арасында, екінші жағынан (Шығыс-Батыс транспорттық-коммуникациялық коридоры) Ресеймен Солтүстік Еуропа, Орта және Оңтүстік Азия (Солтүстік-транспорттық-коммуникациялық коридоры) кірді. Сөйтіп Қазақстан әлемдік мұхитқа шығатын жолы болмағанымен, халықаралық темір жол, автомобиль, әуе және құбыр тасымалдау мен коммерциялық қызмет көрсетудің зор потенциалына ие болды.
Қазіргі дәуірдегі Қазақстанның экономикалық дамуы КСРО-мен тығыз байланысты. Өндірістің алғашқы нышандары Ресей империясының құрамында пайда болып, 1991 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан үлкен елдің экономикалық құрылымына кіріп, соның сапында дамыған еді. Әлемдік экономика мен КСРО экономикасында біз қандай орын алдық?
Бұл сұраққа ешқашан да толық жауап ала алмаспыз, өйткені жоғарыда айтылғандай, одақтас республикалар ХЭҚ субъектілері болмағандықтан, статистикалық мәліметтер жоқ. Әрине жыл сайын «КСРО халық шаруашылығы», «Қазақ КСР» және тағы басқадай сияқты анықтама – мәліметтер басылып тұрады. Сол арқылы біздің республикамыздың экономикалық даму динамикасын, экономика құрылымын, салалар бойынша салыстырмалы ара салмағының өзгеруін анықтауға болады. Бірақ бұл жинақтарда КСРО соңғы жылдарына дейін басқа республика мен мемллекеттермен салыстыру үшін талдау жүргізуге макроэкономикалық көрсеткіштер жарияланған жоқ.
Елдің экономикалық даму деңгейі адам басына шаққандығы ЖҰӨ (ЖІӨ) көлемімен өлшенетіні белгілі, А.Илларионов көлемі 3433 доллар болды, ал В.Болотиндікі 5400 доллар. Бірдей мағұлматтарды пайдаланғанымен, екеуінің арасындағы алшақтық зор екенін көріп отырмыз. Біздің пікірімізше, В.Болотин есебі шындыққа көбірек сәйкес келетін сияқты. Ол біздің экономикалық потенциалымызды жоғары көрсеткенімен ғана емес, жанама дәлелдермен де құпталады. Мысалы, Жапония экономикалық зерттеу орталығының төрағасы Хисао Канамари 1990 жылы Кеңес одағының адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемін (ағымдағы бағамен) 9363 долларға, 1980 жылдары 5244 долларға бағалады. Халықаралық қайта құру мен даму банкі (әлемдік банк) біздің ел үшін бұл көрсеткішті 1992 жылы 4200 долларға бағалады. (Бұл экономикада құлдырау кезінің 4-жылы болған). Сондықтан адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемінің 80-жылдар соңында 5400 долл. болуы – объективті көрсеткіш. Осындай көрсеткішпен Қазақстан қазір орта жоғары табысы бар елдер қатарына кірер еді.
КСРО-дағы Қазақстанның орнына келетін болсақ, Кеңес Одағында республикалар жоғары, орта және төмен дамыған топтарға бөлінген. Бірінші топқа Балтық республикалары, Ресей, Украина, Белоруссия, дамымағандар қатарына Орта Азия республикалары, ал қалғандары, оның ішінде Қазақстан орташа дамығандар қатарына кірген. Бірақ бірқатар көрсеткіштер негізіндегі салыстырмалы талдау кезінде КСРО сапында Қазақстан жоғары дамыған республикалар қатарына кіргенін көрсетті. ЖІӨ көлемі бойынша Ресей, Украинадан кейін 3-орында болып, Беларусь пен Өзбекстанды артта қалдырғанбыз. Адам басына шаққандағы табыс бойынша Эстония, Латвия, Литва, Беларусь, Ресейден кейін 6-орында болып, еңбек өнімділігі бойынша Украинамен 6-7 орында бөліскен.
Егер жекелеген салалар дамуының индексін алсақ, бізде ауылшаруашылық, құрылыс, транспорт пен байланыс, сауда, қызмет көрсетуден одақтық орташа көрсеткіштен жоғары болды. Қазақстанның әлсіз жері өнеркәсіп болған. Өнеркәсіптің дамуы бойынша Молдава мен 6-7орын ды бөлсек те, оның индексі жалпы одақтық көрсеткіштің 70пайызына ие болған еді. Сөйтіп Қазақстан КСРО құрамында экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша жоғары дамыған болып есептеледі. Бірақ 1989 жылдан бастап өндіріс тоқырау басталып, 1992 жылдың экономикалық реформалары басталысымен экономиканың құлдырауына әкелді. Әр түрлі бағалар бойынша Қазақстан 90-жылдары өзінің экономикалық потенциалының жартысын жоғалтты.
Қазіргі кезде Қазақстанда нарық қатынастарының негіздері қалыптастырылып, өндіріс смалыстырмалы төмен деңгейде тұрақтануы. Әлемдік экономикада Қазақстанның үлесі өте аз: халқы жағынан 0,25 пайыздай, ЖІӨ, экспорт пен бойынша 0,1 пайыздай. Сондықтан, ол кейбір шикізат тауарларының басқа, халықаралық рыноктарына әсер ете алмайды. Мүмкін ХХІ ғасырда ондай тауар көп қоры бар шикі мұнай болатын шығар.
1997 жылы Қазақстанның ірі сауда серіктестіктері Ресей(оның үлесінде экспорттың 34 пайызы, импорттың 46 пайызы), Украина, Өзбекстан болды. ТМД шекараларын тыс Қазақстан Ұлыбритания, Германия, Қытай, Италия, Түркия мен Оңтүстік Кореямен елеулі сауда – экономикалық байланыстары болды.

2009 жылғы Қазақстан Республикасының басқа елдермен қатынасының экспорты мен импортының құрылымы

RUS-Ресей Федерациясы DEU-Германия BMU-Бермуд аралдары
VIR-Виргин аралдары USA-АҚШ GBR-Ұлыбритания
ITA-Италия CHN-Қытай CHE-Швейцария
UKR-Украйна IRN-Иран FRA-Франция
JPN-Жапония OTH-Басқалары

2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері

Бүгінгі күні Қазақстанның 120-дан елдермен сауда қатынастары бар. Оның негізгі партнерлеріне Ресей, ТМД елдері, Голландия, Швейцария, Германия, АҚШ, Канада, Түркия, Корея және т.б. елдер кіреді.
Экспорт пен импорт құрылымын бағалауда оның дәстүрлі болып қала беретінін байқаймаймыз. Алдыңғы жылдары республика сыртқы нарыққа әлі де шикізат өнімімен шығады. Өңдеуші өнеркәсіптің бүгінгі күні, өкінішке орай, бәсекелестігі төмен, оны қайта жарақтандыру үшін көп қаржы мен уақыт керек. Әлемдік қауымдастықта лайықты орын алғымыз келсе, осы салаларға инвестицияларды тартып, өндірісін ұлғайтуымыз қажет. Қазақстан Республикасының импорттық құрылымының басым бөлігі дайын өнім, машина, құрал-жабдық, халық тұтыну тауарлардан тұрады.
Қазіргі уақытта ҚР сыртқы саудасының даму бағыттарына:
• импорт құрылымын рационализациялау;
• жергілікті өндірушілерді ынталандыру үшін протекционистік саясат жүргізу;
• өндірісті жаңарту үшін қазіргі заманғы технология мен құрал-жабдықтар импортын ынталандыру.
2005 жылдың екінші жартысынан бастап Қазақстандығы экономикалық жағдайдың жақсаруы жүзеге асып, экономикалық өсу басталды. Бұл үкіметтің аймақтағы сыртқы экономикалық іс-әрекетті реттеудегі сауатты әрекетті, теңгенің еркін жүзуге жіберілуі, шикізатқа әлемдік бағаның өсуі мен әлемдік қаржы нарықтарында жағдайдың жақсаруына байланысты болды.
2005 жылы Қазақстанның сауда режимін реттейтін бірқатар заңдар қабылданды: 2005ж. 1 шілдесінде ҚР Үкіметінің «2005-2006 жылдарда ҚР тікелей инвестицияларды тарту бағдарламасы туралы» қаулысы; 2005ж 13 шілдесінде «Демпигке қарсы шаралар туралы», 2005ж 11 ақпанындағы «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР заңы; 2005ж 16 шілдесіндегі «Сертификация туралы » ҚР заңы; 2005ж. 16 шілдесіндегі «ҚР-ғы кедендік іс туралы» ҚР заңы. Осы шаралардың бәрі де республикасының құқықтық-нормативті базасын әлемдік қауымдасттыққа қабылдаған заңдылықтар мен нормаларға жақындата бастап, бұл аймақтағы сыртқы экономикалық іс-әрекетімізде оң көзқарастарды тудырады.
2006 жыл Қазақстан үшін барлық жағдайда ұтымды болды да көпетеген макроэкономикалық көрсеткіштер жоғары деңгейге жетті. 2006 жылдың І-тоқсанда экспорт 1960 млн. АҚШ долларына жетіп, ол 2005 жылдың І- тоқсанының 190,7% және 4-тоқсанының 97,5% құрады. Импорт болса, 1550млн. АҚШ доллары болып, 2005 жылдың І-тоқсанының 112% және IV тоқсанының 96,7% құрады.

Қазақстан экспортының басым бөлігі, яғни 64% минералды шикізаттар құрады. Бұл біздің еліміздің әлі де болса дайын өнім тауарларын шығара алмай жатқанын, шығарса да бәсекеге қабілетсіз екенін дәлелдеп отыр. Ал импортының басым бөлігі -42% машиналар, құрал-жабдықтар құрап отыр.
Сөйтіп, біз көріп отырғанымыдай, он жылдан аса мерзімде экономика мен сыртқы сауда нормативті-құқықтық негіздерді халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру.
Қазақстан әлемдік сауда ұйымына кіргенде төмендегідей міндеттерді қабылдауы тиіс:
• Кедендік тарифтерді күрт төмендетіп, тарифтік емес шараларды бүтіндей тарифке айырбастау;
• Ауылшаруашылық өніміне субсидия мен дотацияларды жою;
• Кдендік процедураларын ДСҰ талаптарына сәйкес келтіру;
• Өзінің тауар, қызмет көрсету мен капитал нарығын максималды ашу;
• ДСҰ барлық міндеттер мен нормаларды ұстану;
• ДСҰ-ға кіргеннен кейін Қазақстан төмендегідей артықшылықтарға ие бола алады;
• Болашақта баламасы жоқ сыртқы сауда тәртібінің ырықтануы мен ашықтығын жалғастыру;
• Қазақстанға қатысыты барлық сауда бөгеттері алынып тасталынатындықтан, әлемдік нарыққа шығу мен Қазақсандық тауарларды дискриминациялау жүзеге асады;
• Республикалық әр түрлі елдердің экономикамен сауда тәртіптері, қаржыландыру жағдайлары туралы мәліметтер бар зор ақпараттық базаға шығу мүмкіндігі;
• Сауда страдегиясы мен сыртқы сауда саясатын ашық және тең құқылы ортада жасақтау мүмкіндігі мен қажеттілігі;
• Қайшылықтарды халықаралық нормалар мен тәртіптер негізінде реттеу;
• Құқықтық- нормативтік базаны қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру.
Қазақстан сыртқы саудада болашақта қандай бағытты: ырықтандыру немесе протекционизмді ұстануы бойынша анықтауы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, ырықтандыру- біздің республикамыздың сыртқы саудадағы дәстүрлі және дұрыс бағыт сияқты.
Өйткені минералды ресурстарды өндірудегі салыстырмалы басымдылығымызды қорғау арқылы оны жоғалтуымыз мүмкін.
ІІІ. Жаңа аймақтағы сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыру механизмдері

Аймақтағы сыртқы экономикалық саясатты мемлекет толық реттеп отырған жоқ, өйткені әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпкерлер мемлекеттік кәсіпорындармен бірдей сыртқы серіктестермен жұмыс істеуде, сөйтіп халықаралық шарттар ішкі заңдардан басым түсіп отыр .Аймақтағы сыртқы экономикалық саясаттың негізгі концепциясы қызметтің басым бағытындағы отандық тауар өндірушілерді қорғауға бағытталған, халықаралық шарттар шеңберінен шықпайтын ақылға сыйымды қолдаушылық болуға тиіс.
Ең алдымен таяу шет елдермен ұзақ мерзімді сауда-экономикалық қатынастар бойынша екі жақты және көп жақты келісімдерді жалғастыра беру қажет, ТМД елдерімен экономикалық одақ құруды жеделдетуге жәрдемдесу керек. Бұл бағытта қазірдің өзінде алғашқы қадамдар жасалып отыр: үш Орталық Азия республикалары-Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесі құрылды, бұл Кеңес біртұтас экономикалық кеңестік құру туралы шартқа қосыламын деп тілек білдіруші басқа елдерге жол ашып отыр. ТМД ауқымында Мемлекетаралық комитет құрылды . Мұның бәрі кәсіпорындардың сауда экономикалық өзара қатынастарының және олардың шаруашылық байланыстарының қайтадан қалпына келуіне ықпал етеді, ТМД елдері ауқымында технологиялық өзара байланыстағы сфералар мен өндірістердің барлық басым бағыттары бойынша мемлекетаралық қаржы -өнеркәсіптік топтар құруға жағдайлар жасайды. Өзіңнің қуатың мен экономикаңның нақты құрылымын ескере отырып, әлемдік нарықтан өз «орныңды» табу керек. Экспорттық тауарлардың дәстүрлі жиынтығы белгілі. Бұлар сирек кездесетін қазба элементтері , түсті металдар, астық, тері, аң терісі шикізаты, мұнай мен мұнай өнімдері. Экспорттық базаны кеңейтумен бірге республиканың экономикалық мүдделеріне сәйкес келетін елдер мен аймақтарға Қазақстан капиталын бағыттау жолдарын іздестіру керек.
Сондай-ақ импорт саясаты сферасындағы өлшемдер өзгертілуі қажет. Ол мемлекеттің ағымдағы ғана емес, болашақтағы мүдделерін қорғауға бағытталуы тиіс.Ішкі нарық сұранымын қанағаттандыратын номенклатура нақты белгіленуге тиіс, қалған бөлігі мемлекет қолындағы импортқа әсер ету механизмдері арқылы инвестициялық салаға бағытталуы тиіс.
Жаңа аймақтағы сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру механизмдері:
1. Отын-энергетикалық және стратегиялық ресурстарды сыртқы сатуға өктемдік енгізу;ТМД елдеріндегі өзара тауар алмасудың маңызды түрлеріне мемлекетаралық есеп-қисапты келісімді пайдалану;
2. Сыртқы өнім жеткізу жеткізу бойынша үлес бөлу көлемін біртіндеп қысқарту және оны бірте-бірте тарифтік реттеумен ауыстыру;
3. Сыртқы саудаға берілетін жеңілдіктер ауқымын азайта түсу;
4. Экспорттық бағыттағы инвестициялық жобаларға жеңілдікпен несие беруді қоса, өнімдерді сыртқа шығаруды ынталандыру шараларын әзірлеу;
5. Экспортқа шығарылатын және импорттық тауарлардың негізгі номенклатуралары бойынша әлемдік және ішкі бағалары деңгейіндегі елеулі айырмашылықты теңестіруге бағытталған тарифтік реттеу жүйесін әзірлеу;
6. Сыртқы қарыз ерекшелігін ескере отырып,мемлекеттің сыртқы қарыздар кепілдігі рәсімі, осы аумақтағы мемлекеттік институттардың құқығы мен жауапкершілігі заңмен орнықтырылатын амал әзірленіп, іске қосылсын.

Қорытынды

Сыртқы экономикалық қызметте үлкен стратегиялық олқылықтар жіберілді. Сыртқы нарыққа жаппай үйлесімсіз шығу республиканың өте бағалы шикізат ресурстарын талан-таражға салуға әкеліп соқты. Әлемдік нарықтың ахуалын білмеу, көбнесе отандық кәсіпкерлердің өзара бәсекелесуі шикізатты арзан бағалар бойынша сатуға итермеледі. Валюталық ресурстардың едәуір бөлігі шет елде қалып жатыр және бүгінге дейін республикаға қайтарылған жоқ. Сыртқы экономикалық қызмет саласында ойластырылған мемлекеттік саясаттың жоқтығынан ел экономикасына қандай шығын келгенін дәл айту қиын. Сыртқы экономикалық қызметте стратегиялық қателіктер жіберілген. Үйлестірілмеген жаппай сыртқы нарыққа шығу республиканың құнды шикізаттарын ысырапқа ұшыратып, әлем нарығында қалыптасқан тұрақтылық жағдайына кері әсер етті, шикізат нарығын бұзып ондағы қалыптасқан баға деңгейін құлдыратып жіберді. Кәсіпкерлердің әлем нарығындағы конъюнктураны білмеуі және олардың өзара бәсекелестікке баруы шикізатты өте төмен бағамен сыртқа сатып өткізуге мәжбүр етті. Валюталық түсімдердің қомақты бөлігі шет елдерде қалып қалды және осы күнге дейін республикаға қайтарылған жоқ. Алдын-ала ойландырылмаған сыртқы экономикалық саясат елге қаншама зиян келтіргенін анықтаудың өзі қиын.
Осындай кемшіліктерге қарамастан, Қазақстан Республикасы қазіргі таңда өзінің сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттарын анықтап, оны нық орнатуға және одан да әрі дамуға қадамдар жасауды бастаған. Еліміз он төрт жылда қаншама өзгерістерге ұшырағаны бәрімізге мәлім. Жеткен жетістіктерде тоқтамай, алға өршіп-өрбуіміз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Экономикалық теория» — С. Әкімбеков, А. С. Баймұхаметова.
2. «Экономикалық теория бойыніпа оқу құралы» — Бимендинова Л. А, Жатқанбаев Е. Б,Күренкеева Г. Т
3. «Микроэкономика» — Мамыров, Нұрғалиев, Тілеужанова.
4. «Микроэкономика» — Мұхамедиев Б. М.
5. «Аймақтағы сыртқы экономикалық өндірісдағы бұхғалтерлік есеп» — Радостовец В. К, Ғабдуллин Т. Ғ, Радостовец В. В, Шмидт О. И.
6. «Басқару есебі» — 2008ж. Адайбеков.
7. «Басқару есебі оқулық» — В. Л. Назарова, М. С. Жапбарханова, Д. А. Фурсов, С. Д. Фурсова. 8. «Введение в управленческий и пройзводственный учет» — К. Друри. 9. «Управленческий учет» — Т. П. Карпова.
10. «Қаржылық талдау « 2005 ж — Дұйсембаев К.Ш .,Жұмағалиева Ж.Г. 11. «Теория анализа хозяйственности « — Баканов М.И. ,Шеремет А.Д.
12. «Бухғалтерлік есептің үлгі шоттар жоспары» 13. «Ержанов М.С. Қазақстандық аймақтағы аймақтағы сыртқы экономикалық өндірісдардағы есеп саясаты» Алматы Бико 2007. Ержанов М.С.
14.Тулешова Г.К. Халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есеп және есептілік Алматы, “Бизнес информация” 2005.
15.Бухғалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдары. Алматы, Кәуса бұлақ баспасы, 2007
16.Оразалы Сәбден «ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз?» Алматы 1997ж
17.Д.М. Мадиярова «Аймақтағы сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік» Алматы 1997ж
18. Ж. Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1997
19. С.Д. Дауылбаев «Алматы ақшамы» 2004ж 11 қаңтар
20. А.А. Алимбаев «Государственное регулирование экономики» Алматы 2005ж
21. М.Б. Жалпақов «Ақиқат» 2004ж №8
22. Л.Н. Жуманиязов «Саясат» 2009ж №3-4
23. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2008ж
24. Ж.Б. Жунисов «Халықаралық экономикалық байланыс» Алматы 2006ж

Tags

Жансая Совет

Редактор

Осы айдарда

Close