Акционерлер Эксимбанктен неге кеткенін түсіндірді

46
акционерлер
Фото: 24.kz

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – «Орталық-Азия отын-энергетика компаниясы» АҚ акционерлерінің құрамы жаңарды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шілде-тамызда «ОАОЭК» АҚ-ның ірі акционерлері Александр Клебанов пен Сергей Кан «ОАОЭК» АҚ акцияларының 30,9993%-ына ие болған Еркін Әмірхановтан және өзге де акционерлердің үлестерін сатып алу арқылы өз үлестерін көбейтті. Қазіргі таңда «ОАОЭК» АҚ-ның ірі акционерлері Александр Клебанов пен Сергей Кан теңдей үлеске ие.

13 тамызда «ОАОЭК» АҚ Директорлар кеңесі «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның 23,8330% акциясын иеліктен алу туралы шешім қабылдады. Ол акцияларды «ОАОЭК» АҚ-дан Еркін Әмірханов пен онымен байланысты компанияларға өткізу бойынша келісім 25 тамызда «Бағалы Қағаздарды Бірыңғай Тіркеушісі» АҚ-да өтті. Өткізілген келісімдер нәтижесі бойынша «Эксимбанк Қазақстан» АҚ бұдан былай «ОАОЭК» АҚ компаниялар тобына кірмейді.

«Осыған байланысты 25 тамызда «Эксимбанк Қазақстан» АҚ Директорлар кеңесінен Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Александр Клебанов, Директорлар кеңесінің мүшелері — Сергей Кан, Валерия Ким өз еріктерімен шықты», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінің өкілдері.