Алқабилер соты Царнаевты өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды

611

Бостон марафонында теракт ұйымдастырды деп айыпталып отырған Джохар Царнаевтың ісін қараған алқабилер оны өлім жазасына кесу туралы дауыс берді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Шешім қабылдау үшін алқабилерге 15 сағат уақыт қажет болды. Өлім жазасына кесілмеген жағдайда Царнаевты өмір бойы қамауға алу туралы жаза қолданылады. Агенттіктің атап өтуінше,  бұл шешім өлім жазасы деген үкім шығарылатынын білдірмейді. Нақты үкімді алдағы айда сот төрағасы Джордж О’Тул қабылдайтын болады. Қорғаушылардың қарсы шағым түсіруге мүмкіндігі бар.

Осыған дейін Массачусетстің сот билігі соңғы 70 жыл ішінде өлім жазасы туралы үкім шығармаған. 1894 жылы штатта мемлекеттік қылмыс үшін берілетін бұл жаза түрі кері шегерілген еді. Бірақ Царнаевтың ісін федералды заң бойынша қараған, егер қабылданса өлім жазасы  оған инъекция салу түрінде жүзеге асырылады.

Еске салайық, 8 сәуір күні Царнаевты айыптаудың барлық 30 пункті бойынша кінәлі деп тапты. Алқабилер соты Царнаевты жарылыс мақсатында жаппай қырып-жоятын қару-жарақ пайдаланғаны үшін, оқ ататын қару пайдаланғаны үшін, жарылыс жасағаны үшін, дүние-мүлікті құртуға ниеттенгені және жарылыс арқылы дүне-мүлікке шығын келтірген үшін айыпты деген шешім шығарды.