AllurGroup 51% акциясын қытайлық СМС-ке жылдың соңына дейін сатады

AllurGroup
Фото: motor.kz

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — AllurGroup 51% акциясын қытайлық СМС-ке жылдың соңына дейін сатады, деп мәлімдейді инвестиция және даму вице-министрі Алик Айдарбаев.

«Қытайдың мемлекеттік CМС компаниясы AllurGroup-тің (қазақстандық көлік өндіруші) 51% акциясын сатып алуы бойынша қазір тексеріс кезеңі (due diligence) өтіп жатыр. Яғни автомобильдер өндірісінің нарығы мен қаржылық жағдайы тексеріледі«, — дейді вице-министр.

Акцияның бағасы сатылу аяқталғаннан кейін жарияланады.

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында қытайлық компания AllurGroup-тың 51% акцияcын сатып алу туралы келісімге қол қойған еді. CМС — автомобиль өнеркәсібінде жобаны басқару және қызмет көрсетуші мердігер, ірі халықаралық жобалаушы.