Алматы қалалық сотының төрағасы қайтыс болды

төрағасы
Фото: time.kz

Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz — Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай қайтыс болды. Бұл туралы Алматы соттары әкімшілігінің ақпараттық қамсыздандыру бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Кеше 14 мамырда Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Жайлауханұлы Ештай 56 жасында кенеттен қайтыс болды», — деп жазды Дияс Махамбетов.

Ақжан Ештай 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде заң факультетін тәмамдаған. Ақжан Ештай 30 жыл бойы сотта қызмет еткен екен.

Дереккөз: sputniknews.kz