Алматы қаласының кәсіпкерлерін қолдауға 4 млрд теңге бөлінеді

376
Алматы қаласының кәсіпкерлерін қолдауға 4 млрд теңге бөлінеді

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Алматы әкімдігі алматылық шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілерін қолдауға әрқайсысы 2 млрд теңгеден бағыттайды деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Қаражат жеке кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасының аясында бөлініп отыр.

Жұма күні Алматы әкімдігі мен «Даму» қоры арасында осы бағдарламаны іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Осылайша, қаржыландырудың жалпы соммасы 4 млрд теңге болады.

Несиелендіру екінші деңгейлі банктер арқылы жүргізіледі. Несиенің максималды соммасы — бір қарызгерге көп дегенде 180 млн теңге, сыйақы мөлшерлемесі — жылына 7%-ға дейін. Басымдық берілетін салалар — сауда, қызмет көрсету, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кірмеген салалар.