Алматы экономикасындағы шетелдік инвестиция көлемі ұлғайды

40
Байбек
Фото: Kapital.kz

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — 10 жыл ішінде Алматыдағы шетелдік инвестициялар 3,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек жыл сайынғы Almaty Invest Халықаралық инвестициялық форумы барысында мәлімдеді.

«Қала ЖІӨ-нің бесінші бөлігін және ел салықтарының төрттен бір бөлігін құрайды. Қалаға халықаралық компаниялар белсенді инвестиция салуда. 10 жыл ішінде $22,2 млрд инвестиция тартылды, оның ішінде  3,5 млрд доллар — шетелдік. Тек осы жылы инвестиция 21% — ға, оның ішінде шетелдік 24% — ға өсті», — деді Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы форум барысында 1 млрд доллар-ға 40-тан астам меморандумға қол қойылғанын, оның ішінде 400 млн доллар-ға 12 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.

Әкімнің хабарлауынша, бүгінде Алматы экономикасының 86% — ын сауда және қызмет көрсету, шағын және орта бизнес 40% — дан астамын құрайды. Қалада Қазақстанның ірі салық төлеуші-компанияларының үштен бірі, 30-дан астам трансұлттық компаниялар, банктердің бас кеңселерінің 90%- ы, бірлескен кәсіпорындардың 43%- ы және ірі халықаралық ұйымдар орналасқан. Жақында БҰҰ-ның 14 мамандандырылған агенттіктері үшін хабтың жаңа ғимараты ашылды.

Айта кетейік, Almaty Invest форумына әлемнің түрлі елдерінен 500-ден астам делегат қатысуда. Қатысушылар қатарында танымал саясаткерлер, бизнесмендер, инвестициялық корпорациялардың, қаржы институттары мен халықаралық ұйымдардың басшылары бар.